Жарнама
Экология

Облыста бүкіләлемдік тазалық акциясы өтті

Облыста тазалық акциялары әлі де жалғасып жатыр. Бүгін облыстық экология департаментінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар және еріктілердің қатысуымен облыс көлемінде «World Clean Up Day» бүкіләлемдік акциясы өтті.
Акция барысында табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаға қамқорлық танытты. Әлбетте осы арқылы тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін де аңғаруға болады.

– Республика Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатқан тазалық іс-шаралары қаладағы Дамбы, Атырау, Кеңөзек, Қайыршақты, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтерінің аумағында, «Атырау» шағынауданындағы айналма автокөлік көпірінен теміржол көпіріне дейін және осы көпірден Мечников көшесіндегі автокөлік көпіріне дейінгі Жайық өзенінің жағалауында жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының сол жағындағы ашық алаң мен «Жұмыскер» шағырауданынан (ММС) Еркінқала ауылына қарай Жайық жағасы) тазартылды, — деді облыстық экология департаментінің баспасөз хатшысы Эльнара Оралқызы.

Экологиялық сенбілікке 6 мыңнан аса адам қатысты. Оның ішінде  «АМӨЗ» ЖШС, «COCR» ЖШС, «ТШО» ЖШС мен «Ембімұнайгаз», «Қазтрансойл» АҚ қызметкерлері белсенділік танытты.
Акция аясында облыс бойынша шыны, пластик, резеңке, қағаз, металл қоқыстары жиналып, «Арнайыавтобаза»ЖШС-нің қоқыс полигонына жіберілді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button