Жарнама
Экология

Каспий теңізі жағалауында итбалықтар қырылуда

Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу кезінде Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында өлі итбалықтар табылды. Бұл жағдайды «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері анықтады. Табылған итбалықтардың нақты қырылу себептерін анықтау үшін инспекция өкілдері арнайы зерттеу жұмыстарын бастауды қолға алды.

«Жайық-Каспий» бассейндік инспекциясы өкілдерінің хабарлауынша, итбалықтардың табылған орнына жергілікті атқарушы органдар, Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі, Гидробиология және экология институты, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша «Qazaq balyk» республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығының мамандары барды. Сала қызметкерлері итбалықтардың өліміне қатысты себептерді анықтау үшін тиісті шаралар қабылдап, арнайы зертханалық талдау жүргізетінін мәлімдеді.

Қазір теңіз жануарларының жаппай қырылу себептері белгісіз болып тұр. Мамандар зертханалық талдау нәтижелерінен кейін итбалықтардың нақты қырылу себептері жайлы мәлімет беретін болады.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button