Жарнама
Экология

Бес бөтелкеге — балмұздақ: Атырауда ерекше экобастама жүзеге асты

Атырау қаласында қоршаған ортаға қамқорлықты насихаттайтын, қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған ерекше экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында “Жасыл ел” ұйымы тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат етіп, көпшілікті жұмылдырған акция өткізді.

5e4c6a85 4ce4 4d9b a5d9 e9b9d9c6579a

Игі шара 3 тамыз сағат 19:00–20:00 аралығында Атырау қаласындағы Қайыршақты және Алмалы ауылдық округтерінде өтті. Акцияға қатысу шарттары өте қарапайым: 5 пластикалық бөтелке тапсырған әр қатысушыға 1 балмұздақ ұсынылды. Бұл бастама балалардың ерекше қызығушылығын туғызып, олар белсенділікпен қатысты.

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің айтуынша, акцияның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті арттырумен қатар, тұрмыстық қалдықтарға, әсіресе пластикалық бөтелкелерге екінші өмір сыйлау.

ed51e213 bcb1 44b8 b515 b340cfb23425

-Бұл шара Қайыршақты, Алмалы ауылдық округтерінде жүзеге асырылды. Қайыршақты округінің өзінде 10 мыңға жуық пластик бөтелке жиналды. Барлық жиналған қалдық қайта өңдеу орындарына жіберіледі. Бұл — Атырауда алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды экологиялық акция. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау жұмыстарына тұрғындар өте белсенділік танытты, — деді Ғасырбек Төлеген.

e4916feb 1ad3 4c3e 8f73 774d2dbabb3e

Бұл бастама арқылы ұйымдастырушылар жастарды табиғатты аялауға, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға және қайта өңдеуге үйретуді көздейді. Атырау қаласындағы халық тығыз орналасқан ауылдық округтер таңдалып, іс-шараның тиімділігі арта түсті.

27147a06 7d50 4bea 809a 740d76277082

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл тек экологиялық мәдениетті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар ел болашағы — жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін нығайтудың тиімді жолы болмақ.

0253e170 f99d 4309 8339 7054038f1283

Қоршаған ортаның тазалығы – әр адамның жауапкершілігінен басталады. Осындай игі бастамалар арқылы тұрғындардың, жас ұрпақтың экологияға деген құрметі артып, келешек буынға таза табиғат қалдыру мүмкіндігі ұлғая түспек.

d68d679b 4bc3 4ec2 9043 255606e6722a

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button