Жарнама
Экология

Атыраудан 2300 тонна қоқыс шығарылды!

Соңғы уақытта рұқсатсыз аумаққа қоқыс, әсіресе, құрылыс қалдықтарын төгетіндер көбейіп кетті. Салдарынан әр жерде қолдан жасалған қоқыс алаңдары пайда болуда. Облыста осындай жүзге жуық орын анықталса, соның 75-і Атырау қаласында екен.

Мұндай статистиканы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жариялап отыр.  

Қазір оны жою мақсатында «АрнаулыАвтобаза» мердігер мекемесі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Барлығы 30 жұмысшы мен 10 арнайы техника жұмылдырылған. Күні бүгін 35 алаң тазартылып, 2300 тонна қоқыс шығарылған.

«Атыраудың ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан қала тұрғындарынан қоқыс үйінділерін арнайы қоқыс полигондарына апару сұралады. Ал, рұхсат етілмеген жерге қоқыс төккендерді байқасаңыз, «109» байланыс орталығына немесе қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі фейсбук («Атырау қаласы әкімдігі») пен инстаграм («atyrau_qalasy_akimdigi») парақшаларына жедел хабарласыңыз!» дейді әкімдіктегі мамандар.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button