Жарнама
Экология

Атырауда құрт-көбелек қаптап кетті…

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Махамбет, Индер аудандары мен қала маңындағы шаруалардың жерлеріне құрт көбелектердің қаптап түсіп, егін аймақтарына зиян келтіру жағдайына қатысты нақты тапсырма берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Махамбет, Индер аудандары мен қала маңындағы шаруалардың жерлеріне құрт көбелектердің қаптап түсіп, егін аймақтарына зиян келтіру жағдайы орын алуда. Осыған байланысты салаға жауапты орынбасарыма нақты тапсырма бердім. Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша аудандарда жедел жұмыстарды ұйымдастырып, улау жұмыстарын жүргізетін мекеме мен арнайы мамандар шақыру қажет. Олар тез арада жұмысқа кірісуі тиіс» деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, жауапты басшылардың шаруаларды ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуін, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын жазды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button