Атырауда қауіпті зиянкес пайда болды
Көктем айлары - ауыл шаруашылығындағы маңызды да жауапты науқандардың басталатын шағы. Әсіресе, егіншіліктегі көктемгі дала жұмыстарының қарқын алатын кезі. Сонымен байланысты, дәл осы мезгілде «жасыл-желек» атаулының жауы саналатын зиянкестердің де бас көтеріп, көбейіп кететіні бар.
Осы орайда, облыстық аумақтық испекцияның өсімдіктер қоргау жөніндегі бөлімінің басышысы Әбила Қазиеваның айтуынша, сондай зиякестердің бірі және қауіптісі «жусан жапырағы» жемірі болып табылады. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде оның қазіргі уақытта облыс орталығынан шалғайда орналасқан Қызылқоға ауданының аумағында оның қаптап кеткені байқалып отыр.
- Нақтылай кетсек, осы жылғы мамыр айының 18-інде өңірдегі бірнеше шаруашылық жерінің «жусан күйесі» құртымен зақымданғаны анықталды. Атап айтқанда, «Әнет», «Алып Апа», «Сарқұмақ» шаруа қожалықтарының (Сағыз ауылдық округі) әрқайсысында 200, осы округтегі «Тощий» мен Мұқыр а/о-теріндегі «Қызыл бұлақ» ш/қ-тарында 100 гектарды қамтыған. Осылайша, барлығы 800 гектар аумақ зиянкеспен зақымданған болып шықты. Білгеніміздей, егіннен бөлек шабындық және жайылымдық жерлер үшін де қауіпті саналатын бұл құрттың неғұрлым көбірек таралуы олардың дернәсілдерінің даму сатысына байланысты болып келеді — деді Әбила Саламатқызы.
Дәулетқали АРУЕВ