Экология
Атырауда қамыс өртеніп жатыр
Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Белгілі болғанындай, 11 сәуір күні сағ. 15:00-де Атырау қаласындағы Тасқала ауылынан Каспий теңізі бағытына қарай 20 км жерде қамыс өртеніп жатыр.
–Қазір өрт аумағы анықталуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 11 жеке құрам қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған, — дейді жедел штаб.