![Атырауда мұнай өнімдерін қабылдау линиясы түтінге оранды 1 tutin atyrau 870x400 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/04/tutin-atyrau-870x400-1.jpeg)
Экология
Атырауда мұнай өнімдерін қабылдау линиясы түтінге оранды
Бүгін Атырау мұнай және газ өңдеу зауыты маңында сағат 13:58 шамасында түтін байқалған еді.
Зауыттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, мұнда кондицияға сәйкес емес мұнай өнімдерін қабылдау линиясында қысқа мерзімді түтіндеу орын алған. Сағат 14:03-те түтін толықтай сөндірілген. Мамандар жағдайдың себеп-салдары анықталып жатқанын айтады. Сондай-ақ, бұл оқиға технологиялық нысандардың жұмысына әсер етпеген.
Айбөпе САБЫРОВА