Атырауда далаға төгілген катализаторға ұқсас қалдықтар жартылай көмілген

katalizatorr Экология

Атырау облысы бойынша экология департаменті Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, өңірде қоршаған ортаны қорғау заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізіп келеді.

Осы бағытта қала аумағында қауіпті қалдықтарды заңсыз орналастырып кету жағдайына бірлесіп мониторинг жүргізілді.

Нәтижесінде Атырау қаласының сырт жағында ашық алаңда қауіпті қалдықтар қатарына жатқызылған пайдаланылған катализаторға ұқсас қалдықтар анықталды.

Қалдықтар шамамен 2000 м2 астам жерге жартылай көмілген.

Жалпы катализатор «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің мұнайды терең өңдеу өндірісінде пайдаланылатын қоспа болып табылатыны белгілі.

«Атмосфералық ауаны қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-нің Атырау қаласындағы филиалының жүргізген зертханалық талдау нәтижесімен табылған қалдықтардың құрамында никельдің біраз мөлшері бар екендігі анықталды.

Белгілі болғандай, «Грейс Казахстан Каталистс» ЖШС-нің «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не ұсынған анықтамасына сәйкес, пайдаланылған катализор құрамындағы никель өлшемі 5000 ппм құраған.

Қазіргі уақытта, Атырау облысының табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, қалдықты қала аумағына тастаған мекемені анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз