
Экология
Аида Балаева: “Таза Қазақстан” кино саласындағы идеологиялық басым тақырыпқа айналды”
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру шаралары туралы айтып берді.
— Министрлік өткен жылы кино саласындағы идеологиялық басымдықтарды нақтылады. Қазіргі кезде «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» — басты тақырыптардың біріне айналуда. «Таза Қазақстан» идеясы шетелдегі мәдени іс-шаралар, халықаралық форумдар мен фестивальдер, Мәдениет күндері аясында да кеңінен таныстырылып келеді. Телеарналарда «Таза Қазақстан» брендімен сериалдар, деректі фильмдер мен арнайы жобалар қосылады, — деді А.Балаева.