Жарнама
Экология

АҒАШТАР ҚУРАП БАРАДЫ

 

Расында да, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі айтқандай, бүгінгі таңда қаламыздың экологиялық ахуалы ушығып тұрған шақта әр азамат бір шыбық болса да отырғызуға жұмыстану керек деп ойлаймын. Жергілікті қала басшылығы көшеттерді суаратын тұрбаларды ауыстыруды қолға алса екен. Қазір ол тұрбалардың көбісі жарамсыз. Басқаны былай қойғанда, қарапайым ағаштардың түбін әктеу, гүлдерді зиянкестерден қорғау жұмыстары да тоқтап қалды.

Баспасөзден хабардар болғанымыздай, соңғы кезде Атыраудың ауасының бүлінуі салдарынан өңірде өкпе, қант диабеті, жүрекқан қысымы дертімен ауыратындар саны жыл санап өсіп келеді. Бұған қарсы тұратын бір ғана жол бар. Ол қала табиғатын сақтау, оны жасыл желекке бөлеу және тазалықты қатаң сақтау.

Бексұлтан МҰХАНОВ,

жеке кәсіпкер.

Тілші түйіні: Міне, туған жерінің төл табиғатына бейтарап қарай алмаған оқырмандарымыз осындай ой толғайды. Редакция қоржынында мұндай хаттар жетерлік. Демек, атыраулықтар қоршаған ортаның қазіргі ахуалына алаңдаулы. Оны келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруды қалайды. Олай болса, аймақтағы жер қойнауын пайдаланушы отандық және шетелдік іргелі компаниялардың жұртшылық пікіріне құлақ асқаны абзал.

 Меңдібай СҮМЕСІНОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button