Мұнайлы Мақатта иесіз нысандар жойылды

img 20220416 wa0172 1 Экология

Осымен облыста екінші мәрте өткізіліп отырған сенбіліктен мұнайлы Мақат ауданының тұрғындары да тыс қалмады.

Аудан әкімінің өкімімен бекітілген көктемгі санитарлық тазалау және көркейту-көгалдандыру екі айлығы аясында мұнда да жоспарға енгізілген жұмыстар жеткілікті.

Әңгімені осыдан бастаған осы салаға жауапты бөлімнің басшысы Темірбек Іңірбайдың сөзінше, бұл күні межеленген іс-шаралар түгелімен дерлік жүзеге асқан.Әсіресе, жыл сайын айтылып, жырға айналған Мақат пен Доссор кенттеріндегі және Бәйгетөбе ауылындағы жабайы қоқыс үйінділерінен құтылу мен иесіз тұрған, қаңырап қалған, көшенің көркін бұзған нысандарды жою бағытында бұған дейін қолға алынған кешенді жұмыстар одан әрі жалғасты.

Аудан бойынша сенбіліккке 600-ге тарта адам, 10-нан астам қуатты техника қатыстырылып, 400-ге жуық тал отырғызылды.

Дәулетқали АРУЕВ

img 20220416 wa0170
img 20220416 wa0171
img 20220416 wa0173
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз