Жарнама
Экология

1 сағаттың ішінде 30 мың пластикалық бөтелке жиналды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар жасағының бастамасымен Еркінқала ауылдық округінде кезекті экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Тек 1 сағаттың ішінде ауыл тұрғындары мен балалардың белсенділігінің нәтижесінде 30 мыңға жуық бос пластикалық бөтелке жиналды. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген хабарлады.

a5f9c826 f670 4bff be15 4bb970c9c37e

Іс-шара барысында балаларға ынталандыру ретінде арнайы сыйлықтар ұсынылды. Он пластикалық бөтелкеге – 1 балмұздақ, 5 пластикалық бөтелкеге 5 оқу дәптері берілді.

Балалардың бірі балмұздаққа қуанып жатса, енді бірі іні-қарындасына оқу құралдарын сыйлап, қуанышпен бөлісті.

ed72aa4c 5d0c 4fad a8be ba45ec250555

Жиналған барлық бөтелке сол сәтте қайта өңдеу орнына жөнелтілді. Бұл жұмыс – тұрмыстық қалдықтарды табиғатқа тастамай, жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағыттайды.

38b789c0 5564 48c7 b296 24e8dcaa6dd8

Экологиялық акция соңында балалар мен жастар спорттық ойындарға қатысып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті ойын арқылы ұғынды.

b334a933 d57e 47fe 8d05 d517c00ce481
2657f1f0 14a4 463f 898b ec4635e231d5



645e6ad3 ead0 4b24 8324 998eaeed6796
8c2f4ddb 591f 4ded 9c65 734923e0d15f
a92b1cc4 dece 40c8 b9a5 56033eb7debd

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button