Жарнама
Экономика

Жылына 1,25 млн. тонна полиэтилен өндіретін зауыт салынбақ

Бүгінде еліміздегі мұнай-химия секторының тамырына «қан жүгірді». Енді өңірде әлем бойынша сұранысқа ие тығыздығы жоғары премиум полиэтилен өндіріледі. Ол үшін саладағы жетекші компаниялар – Chevron Phillips Chemical және Univation Technologies-пен MarTECH® ADL және UNIPOL™ PE Process технологияларын пайдалануға лицензиялық келісімдер қабылданған.

Сарапшылардың айтуынша, биыл жобаның дамуында шешуші жыл болып саналады. Себебі, полиэтилен бойынша нақты инвестициялық шешім қабылданбақ. Серіктестер техникалық аспектілер мен ресурстарды жоспарлау мәселелерін қозғаған. Полиэтилен жобасы шеңберінде Теңіз кен орнына жақын орналасқан аумақта қуаты жылына 1,25 млн. тонна полиэтилен өндіретін зауыт салынбақ.

Өндіріс орны облыстағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпекші. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары кезінде шамамен 8 мың жұмыс орны, ал, кәсіпорын іске қосылған кезде 850-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Елдің Ішкі жалпы өнімге қосатын үлесі 1,2 пайыз деңгейінде бағаланып отыр.

Сондай-ақ, биыл бутадиен жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталатыны белгілі болды. Осылайша, өзіміз күнделікті тұрмыста қолданып жүрген қаламсап пен бір реттік қолғаптар, тіпті, қарапайым пластик ыдыстардың шикізат көзі саналатын полиэтилен мен полипропилен өзімізден шығады. Алайда, біз тағы да «қолда бар алтынның қадірін» бағалай алмай келеміз. Тіпті, ең азы қытайлық пластик ыдыс пен 100 пайыз полимерден тігілген көйлектерге тәуелдіміз.

Ал, шын мәнінде, ел Президенті атап өткендей, мұнай-химия кәсіпорындары инвестиция салуға өте қолайлы. Әрине, ол үшін облыста құрылған «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы да бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button