Жарнама
Экономика

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМГЕ СҰРАНЫС КӨП

Құрғақ құрылыс қоспалары 100 пайыз табиғи таза материалдардан жасалады. Ол үшін зауыттың өндірістік процесі толықтай автоматтандырылған, зертханалар соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Қоспаның құрамын жасауға шет елде тәжірибе алмасып қайтқан білікті мамандар тартыл- ған. Гипс табиғи болғандықтан, бөлмедегі ылғалдылық деңгейін бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді. Өнім сапа, баға, тұтынушы сұранысы жағынан да бәсекеге қабілетті. Сол себепті бір кездері бірлі-жарым жан ғана білетін  «АRLAN» құрғақ құрылыс қоспалары нарықта айтарлықтай табысқа ие болды. 

«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына» енген зауыттың тауарларына тұтынушылар арасында сауалнама жүргізіп көріпті. Нәтижесінде қоспалардың қатарынан жұртшылықтың ішкі әрлеу жұмыстарына арналған желімнің көбірек қолданылатыны белгілі болған. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі бағаның қолжетімділігін атаса, енді бірі «атыраулық өнім» екендігі үшін алғанын айтқан. Келешекте жергілікті тұтынушыларға бұдан да төмен бағамен сатуды көздейтін зауыт дистрибьюторы — «СПЕЦПРОМ KZ» ЖШС Атырау филиалының директоры Жанна Пак таныстырылымға қатысқан мекемелерге 10 пайыз жеңілдік жасайтынын жеткізді. Атап айтарлығы, Атырау облысы Жұмыс берушілер мен Кәсіпкерлер Одағында өткен шараға 120-ға тарта компания шақырылыпты. Яғни, осыншама компанияға өзіміздің сапалы тауарды жеңілдікпен алуына үлкен мүмкіндік жасалған еді. Өкінішке қарай, кәсіпкерлерге тиімділігі мол таныстырылымға келушілер саусақпен санарлықтай болды. 

Дегенмен, «АRLAN» құрғақ құрылыс қоспалары облыс орталығындағы осы саладағы барлық дүкендерде сатылуда. Талғампаз тұтынушының өзі сапасы мен қолжетімділігіне, табиғилығына, үнемділігіне қарай жергілікті өнімге бет бұра бастаған. Отандық өнім өрісінің кеңейгені бізді де қуантқаны сөзсіз.   

А.МҰРАТҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button