Жаңашылдық –заман талабы

1507016110 article b 1500 Экономика

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ СӘТ САНАП ӨЗГЕРІП, БІР ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОРНЫН ЕКІНШІСІ ТЕЗ АЛМАСТЫРЫП ЖАТҚАН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ КАДР ДАЯРЛАУ ІСІ ЕРЕКШЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ. ТЕХНОЛОГИЯ, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ПЕН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ БІР АРНАДА ТОҒЫСҚАН ТҰСТА ӘСІРЕСЕ БИО-НАНОТЕХНОЛОГИЯ МАМАНДАРЫНА СҰРАНЫС АРТУДА. СОНДЫҚТАН БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛДЫНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫП, БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІН ҚҰРУ МІНДЕТІ ТҰР.

Келешек инвестициясы

Осы бағытта университеттер «индустрия – білім – ғылым – бизнес» интеграциясы аясындағы бастамаларды бірге дамытатын өңірлік экономиканың драйверіне айналуы тиіс. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай жəне газ университеті – еліміздің мұнай-газ индустриясының орталығында орналасқан техникалық жоғары оқу орны. АтМГУ мақсаты – мұнай-газ саласы, академиялық қоғамдастық пен бизнестің өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, индустриалды университетке айналу. Сол арқылы білім беру қызметтерін басқа нарықтарға экспорттауға, аймақта таланттардың шоғырлануын ынталандыруға, жаңа технология өнімдерін шығару үшін технологияларды импорттауға мүмкіндік беріледі. Бұл өз кезегінде өңірдің зияткерлік əлеуетінің артуына, еліміздің əлеуметтік-экономикалық, технологиялық дамуына серпін беретін қадам. Университет 25 бакалавриат бағдарламасы, 5 магистратура, 3 МВА бағдарламасы бойынша маман дайындайды. Өңірдің ғылыми əлеуетін арттыру мақсатында «Машина жасау жəне инжиниринг», «Өндіріс жəне өңдеу өнеркəсібі» бағыттары бойынша докторантура ашылды. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын «Болашақ» бағдарламасының түлектері, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университеті, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті жəне басқа да серіктес университеттердің профессорлары толықтырды. АтМГУ Қазақстанда бірінші болып майнор мамандану ретінде мұнай-газ саласының 5 бағыты бойынша «Кəсіптер атласынан» бакалавриаттың «жабдықтың сенімділігі жəне болжамды сараптамасы жөніндегі инженер» эксперименттік бағдарламасын іске қосты. Ел Премьер Министрі Ə.Смайыловтың кəсіптер атласын оқыту бағдарламаларына енгізу туралы тапсырмасы аясында алдағы 5 жыл ішінде 16 жаңа жəне өзгерген мамандықты енгізу жоспарланып отыр. Білім ордасы географиялық орналасуы мен ғылыми-білім беру əлеуетін негізге ала отырып, инженер кадрлар даярлау жүйесінің талабына сай өзгерістер алаңына айналды. Бұл тенденция қазірдің өзінде көптеген компанияның оқу орнымен ынтымақтасуға деген қызығушылығының артуынан көрінеді. Университет білім беру процесіне үздік тəжірибелерді енгізу жұмысын жалғастыруда, энергетикалық секторды жоғары кəсіби кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар қолға алынды. Жоғары оқу орындары базасында Атырау мұнай өңдеу зауытының қолдауымен мұнай-химия бойынша заманауи білім беру кластері – Мұнай-химия инженериясы жəне экология институты ашылып, оған академик Н.Нəдіров есімі берілді. Бəріңізге белгілі, өңірде ғылыми сараптаманы қажет ететін бірқатар экологиялық проблемалар бар. Аталған сын-қатерлерді еңсеруде университет ынтымақтастық арқылы өңірлік, ұлттық жəне халықаралық қоғамдастықтар қатынастарын қалыптастыру процесінде сарапшылық[1]диалог алаңы ролін атқарады.

Экология – ел тынысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жоғары оқу орындары өңірдің проблемаларын шешетін ғылыми зерттеулер орталығына айналуы тиіс. Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігімен арадағы меморандум аясында экологиялық жобалар саласындағы ынтымақтастық Жаңашылдық – заман талабы қарастырылған. Меморандумды іске асыру жаңа экологиялық кодексте қарастырылған қоршаған ортаны жəне экологияны қорғау саласындағы міндеттерді шешу үшін мамандандырылған сараптама блогын құру, экоойлау қалыптастыру бойынша күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді. Экологиялық мəселелерді шешу үшін «Геоэкология» зертханасының базасында мамандандырылған ғылыми-білім беру орталығын құру да заман талабынан туындап отыр. Атырау аймағында өндіріс жəне тұтыну қалдықтары мəселесі өзекті екені белгілі. Барлық мұнай жəне сервистік компанияларда мұндай қалдықтардың көп мөлшері бар, бірақ оны өңдейтін бірыңғай тəсіл жоқ. Бұл диалог бастауға жəне қалдықтардың барлық түрлерін қайта өңдеу мен кəдеге жаратудың түпкі мақсатымен өтініштердің жалпы алгоритмін əзірлеуге жол ашады. Шетелдік компаниялардың алауларда улы газдарды жағу мəселесі əлі де бар. Жетекші əлемдік жоғары оқу орындарының тəжірибесін пайдалана отырып, осы газдарды өңдеу технологиясын бірлесіп зерттеу, іздеу жəне айқындау процестің барлық тараптары үшін өзара тиімді ынтымақтастыққа айналады. Ірі компаниялар жоғары оқу орнын стратегиялық жəне жедел басқаруға белсенді қатыса отырып, АтМГУ-ді өңірлік ғылыми-зерттеу хабына айналдыру процесін жеделдетеді, ол өз кезегінде технологиялар трансфертін ынталандырып, мұнай-газ компаниялары үшін ғылыми жұмыстарды жүргізуге ықпал етеді деп білеміз.

Қаржыландыру көлемі ұлғайды

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында: «Ғылымды қаржыландырудың жəне қолдаудың маңызды көзі – ірі кəсіпорындардың, əсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты. Ірі бизнес өкілдері университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді» деп атап өткен болатын. Еліміздің ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамуы ұлттық деңгейдегі мəселелерді шешуге ғылым əлеуетін пайдаланумен байланысты. Институт профессор-оқытушылары Атырау мұнай өңдеу зауытымен келісім-шарт негізінде «Мұнайды металсыздандыру нұсқаларын əзірлеу» жəне «Ауыр мұнай қалдықтарын айдау бойынша зерттеулер» жүргізіп жатыр. Т.Серіков атындағы аймақтық R&D орталығы да АМӨЗ қолдауымен бірқатар ғылыми жобаны жүзеге асыруда. NCOC компаниясы табиғи газ құрамын анықтау үшін зертханаға газ хроматографын орнатуға көмектесті. Алдағы оқу жылынан бастап ENI корпоративтік университетімен бірлескен «Renewable energy» магистратура бағдарламасын іске қосу жоспарда бар. «Индустрия – білім – ғылым – бизнес» синергиясы нəтижесінде университет ғалымдары ғылыми жаңалықтар аша бастады. Атап айтсақ, оқытушы, жас маман Əсем Иманғалиева Атырау мұнай өңдеу зауытының күкірт қалдықтарынан отандық өнім – цемент жасап шығарды. Оны кез[1]келген нысанды салу кезінде құрылысқа пайдалануға болады. Қай саланың да дамуы білім, ғылым, жаңа технологиялар мен цифрландыру деңгейіне байланысты. Қазақстандық ғалымдар маңызды мəселелерді шешуде, отандық ғылымның басым бағыттарын дамытуда белсенді жұмыс істеуде. Əсіресе жастардың осы салаға ден қоюы көңіл қуантады. Соңғы он жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21 пайызға артты. Бүгінгі жастардың цифрлық сауаттылығы жоғары. Жалпыға қолжетімді бейнехостингтер арқылы өздерін жетілдіріп, жаңа мамандықтарды оңай меңгереді. Шығармашылық қабілеттерін шыңдауға көп көңіл бөледі. Бұл креативті индустрия нарығының өркендеуіне серпіліс əкелді. Алдағы мамыр айында АтМГУ креативті индустрия орталығы ашылады деп жоспарланды. Жаңа орталық өңірдің да[1]рынды жастарын қолдап, өнер, білім, ғылым салаларындағы жаңа бастамалар мен тың идеялардың іске асуына септігін тигізетін болады. Осы орайда отандық ғылымды өркендетуге Білім жəне ғылым министрлігі қолға алған кешенді шаралардың зор үлес қосып отырғанын айтуымыз керек. Соңғы жылдары бюджеттен ғылымды қаржыландыру көлемі екі есеге дейін өсті. Бұл қазақстандық ғылымның дамуына үлкен серпін беріп отыр. 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдардың бір ғана конкурсы бойынша ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырудың жалпы көлемі 9 млрд. теңгеге жетті. «Ғылым туралы» заң аясында ғылымды басқарудың жаңа моделі, қаржыландырудың жаңа тетіктері жұмыс істейді. Нормативтік құқықтық база күшейтілді, жобаларды іріктеудің өлшемшарттары айқындалды. Ғылыми-сарапшылық қауымдастық «мамандардың жаңа буынын даярлауда қандай басымдықтарға маңыз берілуі керек, жоғары оқу орындары мен бизнестің байланысын қалай тиімді ұйымдастыруға болады?» деген сауалдар төңірегінде көптеген пікірлер айтады. Бұл бағдарлама инновациялық экожүйелерді қолдау (стартап, технопарк, бизнес-инкубатор,т.б.), ЖОО мен бизнестің бірлескен жобаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсету секілді шараларды негізге алуы керек. Президент Қ.Тоқаевтың жақында еліміздің батысында инженерлік кадрларды даярлау қажеттілігі туралы сөйлеген сөзінде атап өткендей, қазіргі уақытта Үкімет қаулысының жобасы дайындалуда жəне қол жеткізілген келісімдер негізінде РММ филиалын ашу жоспарланды. Елімізде мұнай саласының дамуына үлкен үлес қосқан мұнайшылар мен геологтардың тұтас буынын шығарған Губкин университетімен байланыс орнату бізге көп мүмкіндік береді.

Зерттеу орталығы құрылды

Жоғары оқу орындарының инновациялық инфрақұрылымын жетілдіру, ғылыми[1]зертханалық базасын жаңғырту, профессор[1]оқытушылардың шетелдердегі жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, халықаралық ірі ғылыми басылымдарда жариялануына қолдау көрсету міндеті де кезек күттірмейді. Биыл АтМГУ оқытушылары – Сəуле Дəулетова, Алмагүл Тұрдағалиева, Еламан Əбежанов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Линкольн университетіне тағылымдамаға барады. Малайзиядағы Petronas университетімен арадағы келісім-шартқа сəйкес бірқатар оқытушыларымыз «химия инженериясы» жəне «мұнай-газ ісі» бағыттары бойынша докторантурада оқиды. СКОЛКОВО Мəскеу басқару мектебімен бірлесіп энергетика кешені менеджерлеріне арналған «Энергия алмасу 4.0.» бағдарламасы аясында ғылыми зерттеу жұмысы қолға алынды. Университетте алғаш рет Тоталь француз мектебі ұйымдастырылып, Франциядағы тəжірибелі, беделді профессорлар біздің студенттеріміз бен жас ғалымдарымызға дəріс оқыды. Қазір С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай жəне газ университеті Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен индустриалды университетке трансформациялану жұмысын жүргізіп жатыр. Соның аясында өңірлік ғылыми[1]зерттеу орталығы құрылады. Бүгінде университеттердің «үшінші миссиясы» дамып келеді, бұл жоғары оқу орындарының əлеуметтік ролінен жəне олардың өңірлік, қалалық деңгейлердегі жергілікті қоғамдастықтардың өміріне белсенді араласуынан көрінеді. Университет – келешектің инвестициясы. Жоғары оқу ор[1]нында сапалы білім алған əр жас ертеңгі күні өңірдің өркендеуіне үлес қосады деп сенеміз.

Гүлзада ШАКУЛИКОВА,

«С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай жəне газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы, ректоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз