Жарнама
Экономика

Жаңа марка нарыққа шықты

Кондитерлік өнімдер, медициналық пакеттер мен сұйықтық сақтауға арналған ыдыстарға шикізат енді өзімізден шығарылады. «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясы полипропилен өнімдерінің қатарын кеңейтіп, өңдеушілерге он екінші — PP H085CF/7 маркасын ұсынып отыр. Жаңа марка cast-полипропилен үлдірін шығаруға арналған. Ол күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылмақ.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, CPP үлдірінің басты артықшылығы – қаптаманың ішіндегі ылғалдылықты реттеуге болатындығында. Бұл өнімнің сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Мысалы, мұндай қаптамадағы нан бірнеше апта бойы бүлінбейді. Яғни, балама қаптамалардан әлдеқайда тиімді болады. Сондай-ақ үлдір конденсаттың түзілуіне жол бермейді, ішіндегі өнім кеуіп кетпейді, бактериялардан қорғайды. 

–PP H085CF/7 маркасы зертханалық сынақтардан сәтті өтіп, алғашқы клиенттердің оң бағасын алған. KPI елімізде де, шетелде де заманауи өңдеуші компаниялардың талаптарына сай өнімдерді шығаруға жұмыстана береді, — дейді компанияның баспасөз хатшысы Алтынай Серікбай.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button