Жарнама
Шаһар шырайыЭкономика

«Жалақы 12-15 процентке өседі»

Соңғы жылдары бұрынғы химия зауытының полипропиленнен шпагат пен қапшық шығаратын цехының жұмысы жандана бастады.   Бұған елімізде іске асырыла бастаған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының оң әсері тиіп отыр. 

????????????????????????????????????

«Казхим» серіктестігін құрған инвесторлар аталған цехқа жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Алдымен 1,3 гектар аумағы бар нысан қалыпқа келтіріліп, ескі қондырғылар бұзылды. Ал, 2012 жылы «Даму» қорынан несиеге берілген 400 миллион теңгеге австриялық жаңа технологияның желісі алынды. Желінің жүрегі –экструдер. Бұл түйіршіктелген полипропиленді ерітіп, қондырғы желісінде бірнеше метрлік жаймаға айналдырады. Осыдан соң қапшыққа қажетті мөлшерлермен кесіліп, жан жағы тігіледі. Қажеттілігіне қарай полиэтиленнен астар салынады. Дайын қапшықтардың сыртына арнайы деректер жазылып, тапсырыс берушіге жөнелтіледі.

–Қазір шикізатты өзге елден сатып алып отырмыз. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында шикізат тасымалдаудың еш қиындығы жоқ. Бұрынғыдай кедендік кедергілер мен қағазбастылықтан арылдық, –дейді серіктестік директоры  Этивар Маммадов. –Енді Атыраудағы мұнай-химия кешенінің іске қосылуын асыға тосып жүрміз. Өйткені, біздің өндірісіміз қанат жайып келеді. Қазірдің өзінде айына 150 тонна полипропилен сатып алуға дайынбыз.

Осынша көлемдегі шикізат 1 миллион данаға дейін қант, ұн, тұз және басқа да осындай өнімдерді қаптауға арналған қапшық, сонымен бірге, тау-кен өнеркәсібіне де пайдаланылатын 30 мың контейнер шығаруға жетеді. Кәсіпорында 180 жаңа жұмыс орны ашылып, оған жергілікті тұрғындар тартылған. Олардың бәрі де өзге елдердегі осы тектес кәсіпорындарда дайындықтан өтіпті. Биыл мұндағы кейбір қызметкерлердің  жалақысы 12 процентке көтерілді. Қазір олар 66000-75000 теңгеден жалақы алады.

Кәсіпорын өніміне сұраныс қандай, қайда өткізеді? Серіктестік директоры Этивар Маммадовтың айтуынша, Қазақстанда дәл осындай өндіріс орны соншалықты көп емес. Түрлі көлемдегі қапшықтар мен контейнер, шпагат шығаратын кәсіпорын еліміздің Көкшетаудан өзге өңірлерінде жоқ екенін ескерсек, серіктестіктің  өніміне тек Қазақстаннан ғана емес, жақын шетелдерден де сұраныс артып отыр. «Казхим» өнімдерін сатып алушылар қатарында «Казхром», «Казазот», «Аралтұз» секілді отандық ірі кәсіпорындармен бірге, ресейлік тұтынушылар да бар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық өнім өндірушілерді ұдайы қолдап келеді. Біз де соған сай сапалы өнім өндіруді жолға қойдық. Енді Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында нақтыланған міндетті іске асыру үшін серіктестік қызметкерлерінің жалақысын алдағы жылдан бастап 12-15 процентке өсіруді көздеп отырмыз, – дейді  Этивар Маммадов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button