Жарнама
Экономика

Зейнеткерлерге 55 мың теңге төленіп жатқаны рас па?

Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарады.

«Стоп фейк» сайты мұны жоққа шығарды. Төлемдер туралы мәтінде осы жылдың 1 мамырынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері өскендігі, соның салдарынан зейнетақы 55 мың теңгеге дейін көтерілетіні жазылған. Бұл – бұрмаланған ақпарат. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстанда биыл 1 сәуірде артты. Осыған байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 20 191 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері – 48 038 теңгені құрады. Содан бері бұл көрсеткіштер өзгерген жоқ. Президенттің АЕК-ті ұлғайту туралы жаңа жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат ресми БАҚ-та да жарияланбаған. Зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жаңалықтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ. Демек, тараған ақпарат – фейк.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button