Жарнама
Экономика

Зейнет жасы төмендетіліп, зейнетақы өсе ме?

Елімізде базалық зейнетақы көлемі артпақ.

«2023 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын ұзарту бес жылға тоқтатылады. Яғни, 61 жаста шығады деген сөз. Ал, базалық зейнетақы мөлшеріне келсек, ол кезең-кезеңмен, атап айтқанда, ең төменгі күнкөріс деңгейін алсақ, 54-тен 70 пайызға дейін, ал, ең жоғарысы үшін 100-ден 120 пайызға жеткізу міндеті қойылып отыр» дейді еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Айнұр Әбдірахманова.

Айтуынша, мұның бәрі де коронавирус пандемиясы кезінде денсаулығы нашарлаған азаматтардың жағдайын ескере отырып жасалған.

Еске сала кетейік, бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері атыраулықтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button