ЫНТЫМАҒЫМЫЗ АРТСЫН!
Мен әкеден жастай жетім қалдым. Анама қолқанат болып, он алты жасымнан бастап еңбекке араластым. Жастай қиындық көріп өскен біздің буын үшін ең бастысы – еліміздің тыныштығы мен іргеміздің беріктігі. Ата-бабамыз аңсай күткен тәуелсіздігімізді алғалы бері де неше түрлі дағдарысты бастан өткердік. Жарты келі сары май үшін ұзын-сонар кезекке тұрған да күніміз болған. Қай кезде де береке-бірлігіміз бен ауызбіршілігімізді жоғалтпай, қиындықты жеңіп келеміз. Әлі де осы айрандай ұйыған ынтымағымызды жоғалтпайық демекпін.
Теңгеміздің еркін айырбас бағамына көшкенін ел экономикасын алға бастыру қадамы деп түсінеміз. Әрине, алғашқы қиындыққа төзу керек. Сондықтан да, елді тыныштыққа, сабырға шақырамын. Елбасымыз бұл тығырықтан да шығар жол табарына сенімдімін. Қай кезде де дұрыс шешім қабылдай білген Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайық. Бірлігімізді білдірейік!..
Маржан ДӘУЛЕТОВА,
«Күміс алқа» иегері,
Мақат ауданы.