Жарнама
Экономика

Ұлттық жобалардың 86-сы Атырауда жүзеге асырылуда

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен «Ұлттық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындары» бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, өңірлік жұмыспен қамту картасы бойынша Ұлттық жобалар аясында 2021-2025 жылдары 48 601 жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінен 2022 жылы 10654 жұмыс орындары ашылады.

— Биыл іске асыруға жоспарланған 169 жобаның 86 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы 10 654 жұмыс орнындарына адамдар алынып, оның ішінде 4448-і вакансия арқылы жүзеге асады. Қалғаны жұмыспен қамту шаралары арқылы. Қазіргі таңда 64 мекеме жалпы вакансия жариялады. 1 595 бос жұмыс орындары Еnbek.kz — электрондық еңбек биржасына жарияланып отыр. Аталған вакансияларға 478 адам жұмысқа орналасып, оның 75-не ғана 10% зейнетақы жарналары аударылды,-деді А.Мәмбетов.

Аймақ басшысы Еnbek.kz — электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысты жүйелі жүргізе алмай отырған басқарма басшыларына ескерту жасады. Басқарма басшыларына бос жұмыс орындарын электрондық еңбек биржасы арқылы жариялап, жұмыспен қамту шараларын алуды тапсырды.

  • — Басқармалар Ұлттық жоба аясында жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында тиісті шараларды жүйелі орындауы керек. Егер жұмыс берушілер арнайы базамен жұмыс істеуді білмесе, жұмыспен қамту орталығының мамандары қолдау көрсетеді. Жұмысқа қабылданған адамдардың зейнетақы төленуі зейнетақы жарналарымен расталуы тиіс. Бүгінде 4448 адамның 75-не ғана зейнетақы жарнасы төленді. Қалған 90%-ның жұмыс жасайтындығы заң жүзінде негізсіз. Өйткені ҚР Еңбек Кодексіндегі соңғы өзгерістерге сәйкес зейнетақы қорына жарна төлеп отырғандар ғана жұмыспен қамтылған болып есептеледі. Сондықтан барлық жұмысқа қабылданған адамдардың 10%-дық зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуын қамтамасыз етіп, қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын,-деді облыс әкімі.

Серік Шәпкенов облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевке жұмыс тобын құрып, мәселені шешу мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button