karta

Шұғыл! Ұлттық банк карта төлеміне қатысты маңызды ақпарат жариялады

Экономика Жаңалықтар
10 / 100

Қолма-қол ақшасыз операциялар мен онлайн сауданың өсуі пандемиямен байланыстырылып отыр, – деп хабарлайды Atr.kz Картадан ақша шешіп алу операциялары азайған.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, төлем карталары бойынша қолма-қол ақшасыз операциялар 2,5 есе өсті.

Қазақстанның төлем карталары нарығының көрсеткіші қарқынды өсіп келеді. Жергілікті карталар арқылы барлығы 52 триллион теңгеге 3,2 миллиард операция жасалды. Бұл 2019 жылға қарағанда 1,7 есе жоғары.

«Төлем карталарымен жасалған он транзакцияның тоғызы қолма-қол ақшасыз жасалған. 2020 жыл ішінде қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын қолдана отырып, 35,3 триллион теңгеге 2,9 миллиард қолма-қол ақшасыз операция жүзеге асырылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен сәйкесінше 2,4 және 2,5 есе артық», – деп жазылған хабарламада.

karta 2

Қолма-қол ақшасыз операциялар мен онлайн сауданың өсуі пандемиямен байланыстырылып отыр. Картадан ақша шешіп алу операциялары азайған. 2020 жылы мұндай операциялардың саны 21%-ке кеміді (297 млн операция). Төлем карталарының иелері 16,6 триллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.

Биылғы жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша айналымда 49,3 миллион төлем картасы бар болса, оның жартысынан астамы белсенді пайдаланылуда.

Бизнес үшін тиімді

Төлем карталары арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Карта арқылы төлем қабылдайтын кәсіпкерлер саны – 108 мыңнан, ал сауда нүктелері – 169 мыңнан асты. Қазақстанда барлығы 203 мың POS-терминал жұмыс істейді.

2019 жылмен салыстырғанда, карта арқылы төлем қабылдайтын сауда орындары (26%-ке) мен POS-терминалдардың (26%-ке) да саны артқаны байқалады.

Спутник Қазақстан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған