Жарнама
Экономика

Туризм – достық көпірі

2024 жыл Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықтың жаңа белесін ашты. Қытайда жарияланған Қазақстан туризмі жылы – қос ел арасындағы мәдени, экономикалық әрі адами байланыстарды тереңдеткен кезең болды.

ҚХР-дың бірнеше ірі қаласында өткен тақырыптық апталар мен мәдени көрмелер, “Алтын адам” мен “Ұлы дала” экспозициясы арқылы Қытай жұрты Қазақстанның тарихы мен табиғатына терең үңілді. Осындай шаралар шын мәнінде қазақтың бай мәдени мұрасын жаһанға танытып қана қоймай, туризм арқылы сенім мен өзара түсіністікті арттыруға жол ашты.

Қытайлық туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы артып, елге келушілер саны 50%-ға өсті. Бұл – нақты нәтижеге құрылған дұрыс бағыттағы қадамның жемісі.

2025 жылдың Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жариялануы – басталған жұмыстың қисынды жалғасы. Екі ел арасындағы визасыз режимнің енгізілуі де туризмді ғана емес, бизнес пен гуманитарлық байланысты жаңа деңгейге көтереді.

Туризм – жай ғана сапар емес. Бұл – ел мен елдің арасына сенім көпірін орнататын күш. Қазақстан мен Қытай осы бағытта үлгі көрсете білді.

Нұрбек ІЗБАСОВ,

Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Сурет: traveltimes.ru

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button