Жарнама
Экономика

ТЕКСЕРУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

Алдымен жеке кәсіпкерлер енді бизнес қалай тексерілетіні жөнінде ортақ сауал тастады. «Жоспарлы тексерулер тоқтатылды, ал таңдаулы тексерістер тәуекелдер бағалау тобы негізінде жүргізіледі. Салықтық жүктеменің арнайы коэффициенті бар. Егер салық төлеушінің көптеген заң бұзушылықтары орын алып, салық жүйесіндегі шығындары шамадан тыс аз немесе бюджетке міндетті төлемдері төмен болса, бұл тексеріске себеп екені даусыз. Салығын уақтылы төлеп отырғандарға алаңдауға негіз жоқ», — деді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Батырбек Юсупов.

Сондай-ақ, кездесуде сауда орындарында, нақтырақ айтсақ, базарларда тауарға шот-фактура беру туралы сауал қойылды. Мамандардың түсіндіруінше, жеке кәсіпкер қосылған құн салығын төлемейтін болғандықтан, тек фискалды чек қана бере алады. Шот-фактураларды базар әкімшілігінің ғана ұсынуға қақы бар.

Жаңа заңнамаға сәйкес, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық ірі дүкендерінде POS-терминалдар жұмыс істеуі тиіс болатын, яғни заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлығына бірдей міндеттелген. Бірақ, кейбір жүйелердің әлі де толық дайын болмағандығынан, сонымен бірге, кәсіпкерлердің ұсыныс-тілектеріне байланысты оның жұмыс атқаруы тағы кейінге шегерілді. Яғни, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл заңнама нақты күшіне енбек. «Төлемдер мен ақша аударымы туралы» Заңның 11-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ол бойынша жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қызметін жүргізетін орындарда банктік карталарды пайдалану арқылы төлем қабылдайтын құрылғы орнатуға міндетті.

Жаңадан бекітілген заң халықты қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға міндеттемейді, бірақ кәсіпкерлер үшін бұл ­– бұлжымас талап. Қазіргі кезде салық органдарымен POS-терминалдар орнатылмаған сауда нүктелерінің иелеріне ескертулер жасалып жатыр. Заңды тұлға­лар мен жеке кәсіпкерлер сауда нүктелерін пос-терминалдармен қам­ту­ға міндетті. Бұл заңнама, арнайы салықтық тәртіпті қолданатын кәсіпкерлерге де қатысты. Талапты орындамағандарға айыппұл салынады.

Биылғы қаңтар айынан бастап кәсіпорынды таратудың жеңілдетілген тәртібі енгізіліп отыр. Салық төлеуші мекеменің қызметін тоқтатқаны жөнінде тапсыратын құжаттар тізімі азайған. Бұрын кәсіпорын таратылған кезде жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтағаны туралы газет бетіндегі хабарландыруды қосымша тапсыру міндеттелсе, бүгінде ол талап жойылды.

Айбөпе САБЫРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button