Жарнама
Экономика

”Таңдау” экономикалық дамуға жол ашады

Жақында Жылыой ауданында «Таңдау» жобасының жаңа кезеңі басталды. Бұл бастама өз ісін бастауға ниетті жандарға арналған. Бағдарлама аясында қатысушылар кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтіп, пайызсыз қайтарымды қарыз алу мүмкіндігіне ие болады.

Жоба басталғаннан бері ондаған аудан тұрғынына дәмхана, балалар орталығы, жиһаз цехы секілді өз ісін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік берген. Ол алдағы уақытта да жалғаса береді. Қазірдің өзінде өтініштерді қабылдау басталып кетті. Ал іріктеу кезеңі тамыз айында өтпек.

«Таңдау» – Орталық Азия Еуразия қорының «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен жүзеге асырып жатқан әлеуметтік бағдарламасы. Жоба барысында 100-ден астам қатысушы оқудан өтіп, 74 адам өз бизнес-жоспарын сәтті қорғап шыққан. Бүгінде 44 жоба қаржылай қолдау алған. Олардың қатарында 18 стартап және әлеуметтік осал топтан 23 қатысушы бар. Аудан кәсіпкерлерін қолдауға 155 миллион теңге бөлінген.

Жоба қайтарымды қаржыландыру қағидасы бойынша құрылған: кәсіпкерлер қайтарған қаражат жаңа жобаларды қолдауға қайта бағытталады. Қатысушылар бизнес-жоспарлау, маркетинг, қаржылық сауаттылық және жобаны таныстыру дағдылары бойынша толыққанды оқудан өтеді. Мұндай кешенді тәсіл қатысушыларға бизнесті бастауға ғана емес, оны сауатты құруға мүмкіндік бермек.

– Біздің мақсатымыз тек қарыз беру емес, адамдарды ұзақмерзімді пер-спективада өз ісін сенімді жүргізе алатындай біліммен толықтыру. «Таңдау» қатысушыларының жай ғана жобаны іске қосып қоймай, сонымен қатар оны дамытып, түрлі жағдайларға бейімдей алатын тұрақты компанияларға айналуын қалаймыз», — дейді ОАЕҚ бағдарламалар директоры Айгүл Тағатова.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button