Жарнама
Экономика

ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ТЕТІГІ

 Байқағанымыздай, бізде көп реттерде жергілікті халықтан гөрі, өзге қаладан немесе басқа елден келгендер бизнес ашуға бейімдірек келетін сияқты…

— Айтуыңыз орынды. Өзім Алматы облысында туып-өсіп, содан білім алдым. Жұбайым –сіздердің жерлестеріңіз. Тағдырдың жазуымен мұнайлы өлкеге келіп еңбек ете бастадым. Жалпы, стоматологияның өзі бірнеше салаға бөлінеді ғой. Мен хирургиялық стоматологияда жұмыс істедім. Кейін өз кабинетімді ашуды ойластырдым.

Әрине, бәрі оңайлықпен келді деп айта алмаймын. Бастапқыда қиыншылықтар кездесті. Бірінші жылы аудандағы депода болдық. Қазір жаман емес, біртіндеп ауруханадан бөлмелерді жалдап отырмыз. Оның үстіне, біздің мамандығымыз бойынша бес жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұру қажет. Бұл ретте біздің құжаттарымыздың барлығы жеткілікті.

Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау өкілдігінен несие алып, бизнесімізді кеңейттік. Енді заманауи, әрі жаңа құрал-жабдықтармен тұтынушы қабылдауға толық әзірміз.

Тіс емдейтін кабинетіңіздің аты неліктен «ОЛДИ»?

— (Күледі-авт.) Бұл – екі ұлымның есімі. Үлкенім Олжас Қазақ-Британ техникалық университетін аяқтады, оқуын «Алтын белгімен» бітірді. Қазір магистратураға дайындықта жүр. Ал, кенжем әке жолын қуғысы келді ме, әйтеуір, өз жүрек қалауымен медициналық академияға оқуға түсті. Саналы ғұмырымдағы адал еңбегімді ұрпағыма арнағандықтан, балаларымның есімдерін өз кабинетіме қоюды ұйғардым.

Бір сөзіңізде «кәсіпкерлікпен айналысу үшін мақсат қою керек» деген едіңіз. Нақтыласаңыз…

— Әрине. Меніңше, алдыңғы орында отбасы тұруы тиіс. Шаңырақ көтеріп, сәби дүниеге аяқ басқасын әрбір жан ұрпағының келешегіне мүмкіндік жасауы тиіс. Онда да қолынан келгенше білім мен тәлім-тәрбие алуға жағдай жасайсың ғой. Сондықтан, жан-жарымның мамандығы журналист болғанмен, ең алдымен бала тәрбиесімен айналысқанын жөн санадық. Екіншіден, қоғамға өз пайдаңды келтіруге тырысу қажет. Дәрігердің басты мақсаты – халықтың денсаулығын сақтауға жәрдемдесу болса, біз де қал-қадірімізше науқасты емдеуге тырысамыз. Бұл ретте үнемі кәсіби біліктілікті арттырып отыру жайын да назардан тыс қалдырмаған жөн. Жұмысымдағы ең маңыздысы – келушінің дені сау, қызметіме разы болуы. Жанымдағы дәрігерлерге де солай еңбек етуге талап қоямын.

Дәрігер қызметіне дертіне шипа тапқан жан бағасын береді ғой. Бірде танысым қаладағы жекеменшік тіс емханасына барып, төбе шашы тік тұрыпты. Бір ғана тісті емдеуге 55 мың теңге төлепті.

— Бірден айта кетейін, бізде бір тісті емдеу 5 мың теңгенің шамасында. Сондықтан да болар, соңғы кезде қаладан да емделушілер келе бастады. Жыл сайын өтетін стоматологтар съезінде еліміздің бас тіс дәрігері Сәуле Серікқызымен осы мәселені қозғағанбыз. Сонда белгілі болғаны, бағаны тежейтін бірде-бір заңның бабы жоқ екен және ол материал бәсімен реттелмейді. Тек дәрігердің емдеу тәсілі мен өз еңбегін қалай бағалайтындығына байланысты.

Әңгімеңізге рахмет.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button