
Студенттерге құқық және қаржы сауаттылығы курсы ұйымдастырылуда
«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне құқық және қаржы сауаттылығы курсы басталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Жобаның басты мақсаты – жеке және отбасылық бюджетті үнемдеу мен жоспарлау, қазір халық көп тұтынатын тауар және сервиске арналған несиелерді пайдаланбай-ақ мақсатқа қол жеткізу, несиенің пайызын есептеу, қаржылық инвестиция құралдары, қор нарығы мен жалған компаниялардың алаяқтық әрекеттерін ажырата білуді үйрету, тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру.

Қатысушыларға жобаның сарапшысы Ақан Қайырғалиев қаржы сауаттылығын арттырудың негізгі басты стратегияларын таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Университеттегі оқу курсы – 3 қарашаға дейін созылады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында былтыр аймақтарда пилоттық негізде басталған жобаны алдағы жылы барлық өңірде жалғастыруды тапсырды.