Жарнама
Экономика

«Соса Соla белестері» курсына қатысып, кәсіпкер атандым!

Адамның тағдыры, яғни өмір жолы өзі ойлағандай бола бермейді. Күндердің күнінде саулығыма байланысты бұрынғы жұмыс орнымнан кетуге мәжбүр болдым. Зейнеткерлікке дейін әлі біраз жыл бар-тұғын. Не істеймін, немен айналысамын – осы ой мені күндіз-түні мазалады. Жолдасымның «саған үй тірлігі мен шаңырақтағы төрт баланың тәрбиесі де жетеді ғой» дегеніне қарамастан, ақыры пайдалы нәрсемен айналысайын, текке қол қусырып отыра бермейін деп шештім.

Ата-ананың қай-қайсысы да баласының түрлі үйірмелерге барып, өнер, ғылым, тіл үйрену курстарына қатысқанын қалайды. Осыны басшылыққа алған мен: «Неге балалардың дамыту орталығын ашпасқа?!» деген ойға келдім. Ол үшін өзімді жан-жақты дамытып, білім-білікті жетілдіру керектігін түсіндім. Кәсіпкерлікке баулитын семинар-тренингтерге, оқу курстарына қатыстым. Олардан өзіме тәжірибе жинақтап, балаларды дамыту орталығын ашуға бел будым. Бірақ, мен өз кәсібін бастамақ кәсіпкерлер үшін арнайы қорлардың бар екенін білмейді екенмін.

Содан жұмыспен қамту орталығының сілтеуімен «Соса Соla белестері» атты курсты тәмамдап, қорытынды тестті ойдағыдай тапсырдым. Сертификат алып, көңілім бірленгенде: «Курсты жақсы аяқтағандарға арналған грант бар, соған өтініш қалдыруға болады» дегенді естідім. Білім берген, оқытқан ұстаздарымның біліктілігі арқасында мен өзімнің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған робототехника және конструкторлық курсы» жобасын ойдағыдай қорғап, бөлінген қаржылай грантты ұтып алдым. Соның көмегімен орталыққа қажетті құрал-жабдықтар сатып алдым.

Қуаныштысы, қазір біз – робототехниканы ағылшын тілімен байланыстырып отырған қаладағы бірден-бір орталықпыз. Әрбір сабақ сайын балалар 4-5 ағылшын сөзін үйренеді. Бастысы, оларға робототехника қатты ұнайды. Бүгінде балалар оларды өз қолымен жасап үйреніп жүр. Жасырып қайтеміз, балалармен жұмыс жасау оңай емес, бірақ қызықты. Олар бір нәрсені күнде көрсе, жалығып кетеді. Зеріккеннен бұл жұмыспен айналысқысы келмеуі мүмкін. Сондықтан, біз курс сабақтарын жаңаша әрі қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Қазір біз Гарвард университетінің студент-волонтерлерімен келісімге отырдық. Олар біздің балаларға ағылшын тілін үйретуге келісті. Қиын жері – бізде интерактивті панельдер жоқ. Менің алға қойған мақсатым – осы қажет жабдыққа қол жеткізу. Мені оқытқаны үшін «Coca Cola» компаниясына ризашылығым шексіз. Бұл – өз ісін енді бастап жатқан кәсіпкерге өте қажет көмек әрі қолдау. Ал, алдағы өмірін бизнеспен байланыстырғысы келетін әйелдер бұл салада өз білім-біліктерін тұрақты жетілдіріп отыруы керек. Сөйтіп, кәсібіне қажетті гранттарды ұтып алатын болады.

Назгүл ХИБАШЕВА,

«Бастау» балаларды дамыту орталығының басшысы, «Coca Cola белестері-2021» әлеуметтік жобасының жеңімпазы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button