Жарнама
ЭкономикаСарапTime

Шаруагер неге шабан қимылдайды?

ЕГІН ЕГУ МАУСЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫСТАР, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКА, ТҰҚЫМ ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРМЕН ҚАМТЫЛУЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІНІҢ ТИІСТІ КӨЛЕМДЕ БОЛУЫ. «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АГРОСЕКТОРДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІНІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ. КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ АБДОЛЛА ИДРИСОВ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТКЕН БАСҚОСУДА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ХАБАРЛАМАЛАРЫ ТЫҢДАЛЫП, САЛАЛЫҚ МАМАНДАР МЕН КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ПІКІР-ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН САУАЛДАРЫ ОРТАҒА САЛЫНДЫ

ЕГІН ЕГУ БАСТАЛДЫ МА?

Көктемнің әр күнін тиімді пайдалану – осы саладағы жалпы көрсеткішті арттырумен қ а т а р , ш а р у а г е р л е р д і ң науқанды табысты өткізуі, тұрғындарды тиімді бағадағы жергілікті өніммен қамту, жұмысшылар санын арттыру сынды маңызды факторларға оң септігін тигізер қадам. С о н д ы қ т а н , т а қ ы р ы п қ а қатысты түйткілдерді дер кезінде тарқату қажет-ақ. Атырау облысы бойынша биыл егістік алқабының жалпы ауданы – 9 616 гектар. Осы болжамның 1 200 гектардан астамы – бақша өнімдері, көкөніс – 2 759, картоп – 2 000-ға жуық, мал азықтық дақылдар – 3 650 гектар болмақ. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат өз сөзінде осыншама алқаптың 17 пайызына тұқым себіліп болғанын айтты, бұл – 1 677 гектар. Әсіресе, Махамбет, Құрманғазы аудандарындағы егін егу барысы төмен екенін а т а п к ө р с е т к е н б а с қ а р м а басшысы азық-түлік бойынша б и ы л ғ ы б о л ж а м 1 7 4 м ы ң т о н н а е к е н і н ж а р и я е т т і . Жеке секторды есептемегенде, ш а р у а ш ы л ы қ т а р д ы ң е г і с к ө л е м і – 7 3 0 8 г е к т а р . Болжамды өнім нәтижесінде облыс халқының картопқа сұранысын 30,7%, сәбіз 78, пияз 115, қырыққабаттан 20% қамту жоспарланған. – Көктемгі дала жұмыстарына 3 5 3 а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы құрылымы, 450 трактор, 330 ауыл шаруашылығы машинасы мен су насосы қатысады деп есептелді. Техникалар жұмысқа д а й ы н , — д е д і А м а н г е л д і Сағидоллаұлы. Облыстағы шаруашылық құрылымдарының сұранысы бойынша көктемгі науқанға ж е ң і л д е т і л г е н б а ғ а д а ғ ы 600 тонна д и з е л ь о т ы н ы бөлінген. Ал, оны жеткізуші к ә с і п к е р л і к н ы с а н д а р ы к о н к у р с н е г і з і н д е а н ы қ т алыпты. Қазір сәуір айына бөлінген 120 тонна дизель отынының 95 тоннасы діттеген жерге жеткізілген. Қ а ж е т т і т ы ң а й т қ ы ш т а р к ө л е м і 1 20 0 т о н н а д е п болжанса, соның 241 тоннасы сұраныс иесіне жеткізілген. Сұраныс негізінде бірінші к е з е к т е қ а ж е т е т і л е т і н аммиак селитрасының негізгі көлемі мамырдың бірінші жартысында әкелінбек. Бұл бағыттағы шараларға тартылатын жұмысшылар м ә с е л е с і д е б а с қ а р м а басшысының баяндамасынан тыс қалған жоқ. Амангелді Сағидоллаұлы науқандық ж ұ м ы с т а р ғ а 3 9 4 ш е т е л азаматы квота негізінде 19 шаруашылыққа тартылғанын айтты. Олардағы егіс көлемі – 1 615 гектар, жалпы егіс көлемінің 17 пайызы. Егін өсіру үшін мол су көзі қажет. Дамыған технология нәтижесінде оны үнемдеу тәсілдері де қолданысқа еніп келеді. Бұл сөзін басқарма б а с ш ы с ы д е р е к т е р м е н дәлелдеді. – Су үнемдеу технологиясы арқылы өсірілетін егістік алқабының көлемі – 4 635 г е к т а р н е м е с е 1 1 2 , 9 % — ғ а ұлғаяды деген болжам бар. Соның ішінде тамшылатып суару технологиясы – 3 259 гектар, жаңбырлатып суару – 1 376 гектар, — деді басқарма басшысы.

ӨЗ ШАРУАҢДЫ ӨЗГЕ НЕГЕ ЖАСАЙДЫ?

Т а қ ы р ы п қ а қ а т ы с т ы т ү й т к і л д е р д е а й т ы л д ы . Мысалы, ауыл шаруашылығы б а с қ а р м а с ы н ы ң б а с ш ы с ы келтірген деректерге сүйенсек, басты мәселенің бірі – жұмыс күшінің жетіспеуі. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыс шаруашылықтарынан түскен ақпарларға сай, 59 құрылымнан 1 371 шетелдік жұмыс күшіне сұраныс түскен. – Қажеттіліктерді зерделей келе, 50 ауыл шаруашылығы қ ұ р ы л ы м ы н а 1 1 2 7 а д а м күші қажет деп нақтыланды. Облыстық әкімдік тарапынан т и і с т і о р г а н д а р ғ а х а т ж о л д а н ы п , к в о т а с а н ы н ұлғайтуға ықпал ету сұралды. А л а й д а , б и ы л т е к 3 9 4 шетелдікке квота бөлініп отыр, — деді Амангелді Саламат. Облыста негізгі басымдық көкөніс, бақша дақылдарына б е р і л е д і ж ә н е о л а р д ы ң барлығы суармалы алқаптарда өсірілетіндіктен, оларды күтіп, баптау үшін қол күші көп болғаны жөн. Ал, жергілікті халық уақытпен санаспай егістікке жұмылуға, демалыссыз еңбек етуге құлықсыз. Сол себепті, агроөнеркәсіп саласына ж а л а қ ы н ы ң а з т ө л е н у і мұнайлы өңір тұрғындары үшін аса тиімді емес. Саланың ақсауына тағы бір себеп – тыңайтқыш құнының қ ы м б а т т а у ы . М а м а н д а р қажетті тыңайтқыш бағасының былтырғыдан екі есеге дейін өскенін айтады. Бұл фактордың өндірілген өнімнің өзіндік құнына да кері әсер ететіні сөзсіз. Шаруашылықтарды шаш[1]етектен пайдаға кенелтіп, адымын алшаң басуына теріс ықпалдың тағы біреуі жер беру мәселесінде де жатқан сыңайлы. Жер телімін алып, жұмыс жасауға ниет білдіргендер санын мемлекеттік сатып алу конкурстары кезіндегі қағазбастылықтың көптігі де азайта түспесе көбейтпей отыр. Т а ғ ы б і р б а з ы н а – инфрақұрылым жайы. Жаңа з а м а н ғ а с а й и г і л і к т е р д і пайдаланғысы келетіндер қолжетімді болғанын қалайды. Аталған жүйе талапқа сай болса, жылыжай салушы, басқа да өндіру кәсіпорындарын ашқысы келетіндердің де бар екенін басқарма басшысы жасырған жоқ. Т а б и ғ а т ы қ о л а й л ы аудандарда еккен егін бітік шығары хақ. Соған қарамастан, жері сулы да нулы Құрманғазы ауданындағы егіс көлемін арттыру, жаңа технологияларды е н г і з у , ж ы л ы ж а й ш а р у а ш ы л ы ғ ы н д а м ы т у жұмыстарының қарқыны төмен. Мәжілісте «Жүзарал жері» атанған аумақта егіншілікке бетбұрыс жасау туралы ұсыныс айтылды.

ИГЕРІЛМЕСЕ, ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ

Басқосуда көтерілген екінші мәселе бойынша облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали тиісті көрсеткіштерді жіпке тізіп айтып берді. Биыл ауыл шаруашылығы мақсатында конкурс арқылы 253 жер телімі берілген. – 2019 жылдан бастап а у к ц и о н о б л ы с бойынша g o s r e e s t r . k z с а й т ы н д а э л е к т р о н д ы т ү р д е ө т у д е . Бұл – халыққа қолжетімді, ашықтыққа, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, — дейді Әлібек Серікқалиұлы. Былтыр кәсіпкерлік мақсатта аукцион арқылы 110 жер учаскесі сатылыпты. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатында түрлі иелікке берілген былтыр 2 0 1 , 8 2 м ы ң г е к т а р а л қ а п игерілмеген. Қолданылған шаралардың нәтижесінде сол аумақтың 17,67 мың гектары қайта игеріле бастаса, 87,08 мыңы мемлекет меншігіне қ а й т а р ы л ы п т ы . Қ а л ғ а н аумақты мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүріп жатыр. А л , б и ы л а н ы қ т а л ғ а н игерілмеген 7 мың гектардың 6 , 5 м ы ң ы ш а р а қ о л д а н у нәтижесінде кері игеріле бастаса, қалғаны мемлекет меншігіне қайтарылған.

ШАРУАГЕР – ЗАҢГЕР ЕМЕС

М ә ж і л і с т е « Қ а з а қ с т а н Фермерлер Одағы» ҚБ Атырау о б л ы с т ы қ ф и л и а л ы н ы ң төрағасы Мұрат Сарманов, а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы ғ ы л ы м д а р ы н ы ң д о к т о р ы Қосыбек Ырзағалиев, кәсіпкер Жеңіс Әбілқарес, «Айкөркем» шаруа қожалығының жетекшісі Назерке Кусесова, «Амангелді» серіктестігінің директоры Айгүл Әмірғалиевалар саланы дамыту бағытындағы өз ұсыныстарын а й т ы п , б і р а з м ә с е л е н і қатысушылардың назарына берді. Әсіресе, топырақ құрамы, жерасты су көздерінің көлемі мен құрамын зерттеу, басқа да түйінді мәселелердің оң бағытта шешілуі үшін кешенді бағдарлама қажеттігі де талқыға салынды. «Amanat» партиясы Атырау о б л ы с т ы қ ф и л и а л ы н ы ң қоғамдық қабылдау бөлімінің м е ң г е р у ш і с і А қ т о л қ ы н А х м е т ж а н о в а т ұ р ғ ы н д а р тарапынан айтылатын арыз[1]шағымның бір бөлігі жер телімін алу үшін өткізілетін конкурстарға қатысты екенін айтты. Соған байланысты н а қ т ы т ү с і н і к б е р г е н басқарма басшысы Әлібек Ермекқали конкурс шарттары мен талаптарына тоқталды. Қатысушылар тарапынан осы тақырыптағы ақпараттарды әлеуметтік желі арқылы көбірек тарату туралы ұсыныс айтылды. «Шаруаның бәрі – заңгер емес» деген депутаттар қожалық жетекшілерін, іс бастауға ниетті азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіру туралы да пікір білдірді. Бұл бағыттағы ж ұ м ы с т а р д ы қ а р қ ы н д ы жүргізу жолында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүмкіндігі мол екені сөз болып, жұмысты бірлесе ұйымдастыру ұсынылды. Кеңес мәжілісін қоры[1]тындылаған Абдолла Идрисов м а у с ы м д ы қ ж ұ м ы с т а р д ы кешіктірмеу, проблемаларын шешу бағытындағы ұсыныс[1]пікірлерді ескеру қажеттігін а т а п к ө р с е т т і . Б а с қ о с у ғ а аудан әкімдерінің салалық о р ы н б а с а р л а р ы , т и і с т і мемлекеттік органдар өкілдері, аудандардағы кеңес мүшелері онлайн қатысты

ТҮЙІН

Әрине, айтылған проблемалардың қай-қайсысы да бүгін туындап тұрған жоқ. Жыл санап жер көлемі, өнім көрсеткіші жақсарып келе жатқанымен, түбегейлі шешілмей келе жатқан кедергілер көп-ақ. Мәжілісте қаралған тақырыптар осыны айқын аңғартты. Жер еміп, бейнетінің зейнетін көруді қалайтын шаруалар үшін қолдау тетіктері қарастырылса да, қордаланған проблемаларды шешу жолдары ойластырылмаған. Сондықтан, кедергілерге кезікпей, тірлігін тынымды, өнімін мол қылуды көздеген егіншілерге лайықты жағдай жасау керек-ақ. Жиын қорытындысында қос тараптың да осыны көздейтінін байқадық.

Гүлжан ӘМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button