Жарнама
Экономика

Шағын және орта кәсіпкерліктің серпіні

Атырау облысында 2010 жылдан бері «Даму» қоры өңірдегі шағын және орта кәсіпорындарға айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Шағын және орта кәсіпорындарға субсидия және кепілдік беру арқылы жеңілдікпен қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Аталмыш қор мемлекеттік қолдау алған жеке кәсіпкерлік нысандарына баспасөз турын өткізді.

60b9079a f521 41e9 b432 c1d724fc4ef4

Іс-шара барысында БАҚ өкілдері Атырау облысындағы бірқатар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысымен танысып, олардың қалай мемлекеттік қолдаудың көмегімен дамып жатқанын көрді. Тұрақты субсидиялар мен кепілдіктер арқылы қолдау алған кәсіпорындар өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуда маңызды рөл атқарып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті экономикаға үлес қосуда.
«Даму» қорының Атырау өңірлік филиалы директорының орынбасары Ернар Жұмағалиевтің сөзінше, субсидия кәсіпкерлердің несие пайызын азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша кәсіпкерлер үнемделген қаражатты өз бизнестерін дамытуға бағыттай алады. Сонымен қатар, кепілдік кәсіпкерлерге несие алу барысында банк талап еткен кепілмүлік жетіспеген жағдайда көмекке келеді.

fe3979d0 e3aa 41d6 b870 0ee07268214b


– «Даму» қоры – Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қаржы институты. Мемлекеттік қолдаудың жан-жақты және тиімді құралдарын енгізу арқылы қор кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктердегі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілзаттық қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда несие бойынша ішінара кепілдік беру сияқты қолдауларды ұсынады. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеу қызметін де жүзеге асырады. Осы жылдың ақпан айынан бастап «Бірыңғай кешенді бағдарлама» арқылы жаңа мемлекеттік қолдау тетіктері іске қосылды. Бұл бағдарлама аясында микрокәсіпкерліктен бастап, өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету, әлеуметтік кәсіпкерлік және қор биржасы салаларында жан-жақты қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, моно және шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударылады. Атырау облысында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 9,5 мың жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке 447 млрд. теңге салық төледі,-деді Ернар Жұмағалиев.

6355525d 8b88 4b92 b25c 598e3c1d12da

Баспасөз туры аясында өңірдегі бірнеше кәсіпорынның жұмысымен танысу мүмкіндігі болды. Соның ішінде ерекше назар аударған жобалардың бірі – «KAZPIPE ELEMENT» ЖШС. Бұл кәсіпорын бірнеше жылдан бері полиэтилен құбырларын және өзге де материалдарды шығарып келеді. Компанияның өнімдері сумен жабдықтау, газдандыру, кәріз және жылу трассалары саласында сұранысқа ие. «Даму» қоры осы компанияға несие алып, өндіріс қуатын арттыру мақсатында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы қолдау көрсетті.

193866cc a6f3 4268 b98a 6dba748e38f6

Екінші бір маңызды жоба – «Jas Tumar» түзету балабақшасы. Жеке кәсіпкер Самал Халидуллина 2023 жылы ерекше балаларға арналған балабақша ашты. Бұл жерде балаларға дене шынықтыру-сауықтыру, тәрбиелеу-білім беру, түзету және әлеуметтендіруге баса назар аударылады. Балабақша қызметін кеңейту үшін кәсіпкер «Даму» қорының қолдауымен жабдықтар сатып алу мақсатында несие алып, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілзаттың жетіспеген бөлігіне кепілдік алу мүмкіндігіне ие болды.

c7b18843 1fe4 46cb ae57 1d871edfe8a7

Жайна МӘЛІМҚОЖА
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button