«Самұрық-Қазына» жаңа сайтты іске қосты

img 20220916 wa0007 Экономика

«Самұрық-Қазына» қоры жекешелендіру және IPO бойынша ресми сайтты іске қосты.

Халықты кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ алаяқтық мақсаттарда пайдаланылатын жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін «Самұрық-Қазына» Қоры жекешелендіру бағдарламасы мен IPO-ның мамандандырылған IPO.SK.KZ интернет-ресурсын іске қосты.

Сайт «Самұрық-Қазына» Қорының бағдарламасы туралы ресми және өзекті деректерді үш тілде ұсынады, навигация бағдарламаның соңғы жаңалықтарынан, жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарынан және «Самұрық-Қазына» бренді мен оның портфельдік компанияларын пайдаланатын интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары туралы ақпараттан тұрады.

Платформада жекешелендірілетін активтер және IPO мен жекешелендіруге қатысу туралы қадамдық нұсқаулық, бағалы қағаздарға қаржыландыру негіздері мен қор нарығының жұмыс механизмдері туралы білім беру контенті, сондай-ақ ірі активтердің IPO тарихы жинақталған.

Айта кетерлік, бұл ресурс тек институционалдық инвесторларға ғана емес, сондай-ақ бөлшек (жеке) инвесторлар үшін де пайдалы болады.

Біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандыққа қолжетімді IPO.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

БАҚ жөнінде байланыс тел.:

 +7705 888 93 98 (What’s App)

press@sk.kz

img 20220916 wa0007
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз