Жарнама
Экономика

«Самұрық-Қазына» қоры тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізбек

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

    2022 жылдың 21 қыркүйек сағат 14:30-да Атырау қаласында, 23 қыркүйек сағат 15:00-де Жылыой ауданында «Самұрық-Қазына» қорымен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізу жоспарлануда.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сарапшылар қоғамды Қордың жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясына қатысты негізгі ақпаратпен таныстырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ мақсаттарының бірі — барлық қазақстандықтардың IPO-ға қатысуын қолжетімді ету. Үкіметтік Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, Қор Қазақстан Республикасының азаматтарына өз активтерін бәсекелес ортаға шығару тетіктері және елдің ірі компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ауқымды ақпарат тарату болып табылады.

    Өтетін орны: 

    Атырау қаласында: Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Балғымбаев орталығы. Мекен жайы: Мұса Баймұханов көшесі 45А.

    Жылыой ауданында: «Кең Жылыой» Мәдениет үйі. Мекен жайы: Махамбет даңғылы 37.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button