Жарнама
Экономика

Құрманғазыдағы демалыс орындарына келушілердің саны жылдан жылға артуда

Өңірдегі табиғаты ерекше аудан Құрманғазыда туристік маусымы ашылып, «ВМС», «Қиғаш», «Каспий Балық», «Lotos Atyrau», «Каспий» және «Хан-Балық» демалыс орындары келушілерге қызмет көрсетуге дайын. Бұл нысандар жазғы демалыста туристтерге табиғат аясында тынығуға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әсіресе, Қиғаш-Шора өзеніндегі 5 мың гектар лотос алқабын көру үшін күніне жүздеген турист сапарлайды. Алқапта келушілерге арнайы қызмет көрсететін маторлы қайық та бар. Сонымен қатар өзен бойында балық аулап, аңшылыққа қызығатындар да аз емес.

–Аудан әкімдігі туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде. Қазір 13 туристік база құрылысына арналған жер телімдері 3-5 жыл мерзімге жалға беріліп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама өңірдегі туристік инфрақұрылымды кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді, — деді Құрманғазы ауданының баспасөз хатшысы Гүлхат Хамза.

2023 жылы Құрманғазы ауданының табиғатын тамашалауға 7000-ға жуық турист келсе, былтыр келушілер саны 10 пайызға артқан. Олардың ішінде шетелдіктер де бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button