Құлсары қаласын дамытуға 10 млрд теңге бөлінген

kulsary Экономика

Құлсары қаласын дамытуға шамамен 10 млрд теңге бөлінді, деп мәлімдеді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

Вице-министр Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы іске асырылып жатқан елді мекендерге барды. Ол Құлсары қаласаның инфрақұрылымын дамытуға шамамен 10 млрд теңге бөлінгенін айтты. Дегенмен, қаладағы бірқатар проблемалар әлі де шешілмеген.

«Олардың арасында су мен жолдар мәселелері бар. Жалпы, қала инфрақұрылымын жақсартуға жеткілікті қаражат бөлініп жатыр. Бұл қаланың ең өткір проблемаларын шешуге мүмкіндік берді», — деді Б.Омарбеков.

Одан бөлек, қаладағы еңбек нарығындағы жұмыспен қамтылғандар саны мен құрылыс жұмыстары көлемінің төмендегенін де тілге тиек етті.

Кейін вице-министр «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында орналасқан газ-химия кешені құрылысының барысымен танысты. Жыл сайын мұнда 500 мың тоннаға дейін өнім шығару жоспарланып отыр. Құрылған сәттен бастап арнайы экономикалық аймаққа 1,1 трлн. теңге көлемінде инвестициялар тартылып, мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Атырау қаласында Балықшы шағын ауданнан Зарослый ауылына дейін автомобиль жолын қайта құру бойынша жұмыстары жалғасуда. Оның жалпы ұзындығы 5,7 км. Нәтижесінде, бұл көлік қатынасының сапасын арттыруға, өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді. Жалпы құны 3,6 млрд. теңге болатын жоба осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жұмыс сапары барысында Б.Омарбеков Атырау облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Махамбет ауылында ол 600 орындық мектеп-интернаттың құрлысымен танысты. Білім ұясы 2023 жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жаңа мектепте футбол алаңы, баскетбол, волейбол, гимнастика және тенниске арналған спорт залдары салынады.

Ағымдағы жылы Атырау облысының 30 ауылында 41 жобаны іске асыруға 11,2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз