Жарнама
Экономика

«ҚазМұнайГаздың» Қашаған жобасындағы үлесі 16%-ды құрайды

Ресми мәліметтерге сәйкес, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Қашаған жобасындағы үлесі 16%-ды құрайды. Қосалқы мердігер компаниялар өкілдерінің айтуынша, бұл жобаға тартылған инвестиция көлемі ондаған миллиард долларды құраған.

Сарапшылардың пікірінше, болашақта жобаны дамыту үшін қосымша қомақты қаражат қажет болуы мүмкін.

Қазақстанның жобадағы өз үлесін сату мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Бұл қадам арқылы мемлекет айтарлықтай қаржы мен дивидендтер алуы мүмкін. Акционерлер өкілі Олег Пактың айтуынша, келісім-шарттар Қазақстан заңнамасына сәйкес қайта қаралған жағдайда, жыл сайын қосымша $20 миллиард көлемінде қаржы түсіп отыруы ықтимал.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: atr.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button