Жарнама
Экономика

Қазақстанда жаңа банк құрылды

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «KMF Банк» АҚ-ға банк операцияларын жүргізуге лицензия берді.

Жаңа банк Қазақстандағы екінші деңгейлі 23-ші банк болып тіркелді және ол елдегі ең ірі микроқаржы ұйымы — KMF компаниясын қайта құру арқылы құрылды.

Агенттік мәліметінше, KMF — 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, қаржы секторындағы ең тәжірибелі және орнықты қатысушылардың бірі.

Ұлттық банк теңгенің құнсыздануы аясында валюта интервенцияларын бастағанын мәлімдеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, KMF активтер көлемі, несиелік портфель және клиенттер саны жағынан Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының көшбасшысы болды. Ұйым жылдар бойы кең ауқымды аймақтық желі құрып, өзін әлеуметтік бағыттағы және қаржылық тұрғыдан тұрақты мекеме ретінде танытты, — деп атап өтті агенттік.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, KMF активтері 395 млрд. теңгені құрады. Несиелік портфелі 315 млрд. теңгеге (580,5 млн. АҚШ доллары) жетті. Бұл қаражаттың 90%-дан астамы шағын және орта бизнесті, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы 100 мыңнан астам қарыз алушыны қаржыландыруға бағытталған.

Берілген лицензия банкке келесі банк операцияларын жүргізуге құқық береді:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау,
  • банк шоттарын ашу және жүргізу,
  • кассалық және аударым операциялары,
  • несие беру және шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу,
  • банк кепілдіктерін беру, соның ішінде банктің жаңа мобильді қосымшасы арқылы.

Айта кету керек, жаңа банктің лицензиясын табыстау рәсімі бүгін Алматыда өтті. Іс-шараға ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымова мен “KMF Банк” АҚ басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов қатысты.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button