Жарнама
Экономика

Қазақстанда көмір қоры тағы 300 жылға жетеді

Қазақстан көмір өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді. Елдегі көмір қоры 25–33 миллиард тонна шамасында, бұл алдағы 200–300 жылға жетеді, — деп хабарлайды kursiv.kz «Каспий тауар биржасының» есебіне сілтеме жасап.

Көмір елдегі бастапқы энергия тұтынуының шамамен 50%-ын, жылу энергиясының 80%-ын қамтамасыз етеді. Бұл сала ЖІӨ-нің 0,7–1,1%-ын құрайды және 33 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Жаңартылатын энергия көздерінің дамып жатқанына қарамастан, алдағы 15–20 жылда көмірдің маңыздылығы сақталады.

Халықаралық энергетика агенттігінің (МЭА) деректеріне сүйенсек, 2024 жылы әлемдік көмір өндірісі рекордтық деңгейге – 9,15 миллиард тоннаға жеткен. Ал Дүниежүзілік банк 2025 жылы көмір бағасы 27%-ға төмендеп, $100/тоннаға, ал 2026 жылы $95/тоннаға дейін түседі деп болжап отыр.

Қазақстанда 2024 жылғы қыркүйекте энергетикалық мақсаттағы көмірдің бағасы 9,8%-ға өсіп, тоннасы 17 676 теңгеге жетті. Халық үшін көмір бағасы 8 мыңнан 26 мың теңгеге дейінгі аралықта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button