
Экономика
Қазақстан банктері шілдеде рекордтық пайда тапты
Биыл шілде айында еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жиынтық таза пайдасы 262 миллиард теңгеге жетіп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бұл маусым айындағы 235,7 млрд. теңгемен салыстырғанда 13%-ға жоғары.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері банктердің жиынтық табысы — 1,6 трлн. теңге. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,1%-ға көп.
Ай сайынғы көрсеткіштерге көз жүгіртсек, қаңтарда — 228,4 млрд. теңге, ақпанда — 220,3 млрд. теңге, наурызда — 215,1 млрд. теңге болған. Ал сәуірде — 240,5 млрд. теңге, мамырда — 238,6 млрд. теңге, маусымда — 235,7 млрд. теңге, шілдеде 262 млрд. теңгеге жетті.
Қ.ШӘКІРОВ
Сурет: kursiv.media