ҚАРА ҚИЫРШЫҚТАС ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

screenshot 20220523 180511 Экономика

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық тас жолының кейбір бөліктеріне  қара қиыршықтас төсеу жұмыстары басталды.

Бұдан кейін  жолдың беткі қабаты – асфальт және қиыршықтасты мастикалық асфальтты бетон жабындысы салынады екен.

Аталған жолға жоспарға сай тексеруге шыққан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженері Қуаныш Шортабаев А-27 » Ақтөбе – Атырау – Ресей федерациясы шекарасы (Астрахань)  республикалық тас жолының 100 шақырымнан астам бөлігін жүріп өтіп, жасалып жатқан жұмыстарды пысықтады. Жолдың 648-693-шақырымы аралығындағы қайта жаңғырту жұмыстарын  «Тодини Конструкцион Дженерали СПА» АҚ, ал  693-753-шақырымын «АНТ Иншаат Маден Санайи А.Ш.» АҚ филиалы мердігер мекемесі жүргізуде. Инженер Қ.Шортабаевтың айтуынша, жақын күндері жолдың екі бөлігінің 10 шақырымына қара қиыршықтас төселеді.  Әзірге 1 шақырымнан астамы төселген.

«Атырау-Астрахань» республикалық маңыздағы жолда жұмыстардың тұралағаны белгілі. Сондықтан кейбір бөліктерінде қара қиыршықтас төсеу жұмыстарының басталуы бұл үлкен жетістік. Қазір кейбір бөліктерде жолдың негізін төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Тексеріс кезінде айтарлықтай кемшілік анықталған жоқ. Бірақ айналма жолдарды күтіп ұстау, яғни шаң көтерілмес үшін уақытылы су шашып тұру жұмыстары бойынша ескерту берілді»-дейді Қ.Шортабаев.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК АОФ баспасөз хатшысы – Ләззат Еділханқызы, 87753715286

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз