
Полипропилен өндірісі өркендеуде
KPI зауытында 100-ге жуық маман Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Өндірісте кезекшілік атқарып жүрген жұмысшылар мекеменің байланыс құралдары арқылы Жолдауды тікелей эфир арқылы тамашалады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Зауыт басшылығы өткен жылғы Жолдау аясында ел экономикасын дамыту, ішкі нарықты дамыту бағытында бірқатар жоспарды жүзеге асырды. Соның ішінде полипропилен өндірісін қолға алып, бүгінде ішкі нарықтың 80%-ын қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта полипропилен бойынша ішкі сұранысты толық қанағаттандыру көзделген.
— Жұмысшы мамандықтар жылына орай кәсіпорын жас мамандарды еңбекке тартып, олар үшін семинарлар мен практикалық сабақтар ұйымдастырды. Сонымен бірге 47 студент өндірістік тәжірибеден өтіп, 12 студент дуалды білім беру жүйесі арқылы оқытылды. Ал тәжірибелі қызметкерлерді шетелдік оқу орталықтарына жіберіп, біліктілігін арттыруға жағдай жасады, — деді Біріктірілген газ-химия кешенінің жоба басшысы Ерназар Құлназаров.
Зауыт ұжымы биылғы Жолдаудан өздеріне жаңа міндеттерді жүктеп, алдағы жоспарларын Президент тапсырмаларына сәйкес айқындамақ.