Жарнама
Экономика

Өнеркәсіпте өсім, экономикада серпін бар

Облыстық экономика және қаржы басқармасы 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады. Мәліметтерге сәйкес, облыс экономикасында оң динамика сақталып отыр.

2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 3 353,2 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,1%-ды құрап, экономикалық өсімнің тұрақты екенін көрсетті. Бұл ретте облыстың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі 11,0%-ға тең болды. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 4 711,9 мың теңгені құрады.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында да жоғары өсім байқалды. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында облыста 6 928,5 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға жоғары, нақты көлем индексі – 114,2%.

Өңірдің өнеркәсіп құрылымында негізгі үлесті тау-кен өндіру өнеркәсібі алып отыр. Салада 6 359,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 115,7%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер облыстың жер қойнауындағы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ өндірістік қуаттылықты арттыру арқылы мүмкін болып отыр.

Сала мамандарының айтуынша, мұндай өсім – инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, технологиялық жаңғырту және ішкі нарықтағы сұраныстың артуымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, облыстағы инфрақұрылым мен логистикалық мүмкіндіктердің жақсаруы да іскерлік белсенділікке оң әсерін тигізуде.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыс экономикасы тұрақты даму үстінде екендігін көрсетті. Сарапшылардың болжамынша, жыл соңына дейін бұл үрдіс сақталып, негізгі салаларда өсім жалғасады деп күтілуде.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button