Жарнама
Экономика

Өндірісті қолдауға бағытталған бағдарламасы іске қосылды

Атырау облысында жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Атырау өнімі» атты жаңа өңірлік бағдарлама іске қосылды. Бұл бастама – өндірісті дамыту, өңірлік өнім көлемін ұлғайту және кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдаудың нақты тетігі,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бағдарлама аясында тек Атырау және Құлсары қалаларында тіркелген кәсіпкерлерге жылдық 7% жеңілдік мөлшерлемемен 70 миллион теңгеге дейін несие алу мүмкіндігі қарастырылған. Қаржыландыру жаңа өндіріс орындарын ашуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіптерді кеңейтуге бағытталады.

photo output 5

— Бағдарлама Атырау облысы әкімінің қолдауымен іске асырылуда.
Оның аясында өңір кәсіпкерлерін қаржыландыру және демеу мақсатында жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді. Қазір бұл қаражат «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы шағын және орта бизнесті несиелендіру бағытында игерілуде. Бағдарлама шеңберінде құжаттар қабылдау жұмыстары жүргізілуде,- деді облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының м.а. Нұрдәулет Жұмаситов.

photo output 6

Кәсіпкерлер толық ақпарат пен кеңесті Атырау облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан немесе «Аграрлық несие корпорациясының» аймақтық филиалынан ала алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button