Экономика
Облысқа тартылған шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд. АҚШ долларын құрады
2024 жылдың бірінші жарты жылдығында Атырау облысында жалпы ішкі өнімнің көлемі 6,7 трлн теңгені құрады. 2024 жылдың 10 айында өңірге түскен салықтық және басқа түсімдер – 3,6 трлн. теңге. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Серік Шәпкенов хабарлады.
Облыс басшысының мәліметінше, қаңтар-қазан айларында өңірде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 1,7 трлн. теңге. Оның ішінде, шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд. АҚШ долларын құрады.
«Өңірде биыл 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, жалпы құны 46 млрд. астам 8 жоба іске асырылды. Қалған құны 24 млрд. теңге болатын 9 инвестициялық жоба жыл соңына дейін тапсырылады», — деді өңір әкімі.