Atr.kz/20-ақпан. Бүгінде облыс елді мекендерінің 79,5 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылған.
Қазір 365 шақырымдық магистралды және кентаралық газ құбырының құрылысы тартылып, 67,6 шақырым селоішілік газ құбыры жүргізілуде. Нысан құрылысы биылғы мамыр айына дейін аяқталып, тапсырылады.
Сондай-ақ, Махамбет, Исатай және Қызылқоға аудандарының 13 шағын елді
мекеніне газ құбыры жүргізіледі. Жергілікті бюджет есебінен биыл 4 нысанның құрылысы жалғасады. Аталған жоспарлы жобалар іске асқан кезде, облыс халқының «көгілдір отынмен» қамтылу деңгейі 93,3 пайызға жетеді, — деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Айбөпе САБЫРОВА.