Экономика

Несие көлемінің шекті мөлшері белгіленді

Егер 3,7 млн. теңге және одан да жоғары сомада несие алғыңыз келсе, онда сізге жұбайыңыздың (күйеуіңіздің немесе әйеліңіздің) пікірімен санасуыңызға, яғни жазбаша түрде ризашылығын алуыңызға тура келеді. Әңгіме кепілсіз берілетін тұтыну несиесі төңірегінде болып отыр.    

Бастапқыда бұл талап несиенің барлық түріне (тіпті, ең кішкентай сомадағы болса да) қатысты еді. Сол жағдайды ескеріп, қаржы ұйымдары ерлі-зайыптылардың бір-бірінен рұқсат алуын қажетсінетін бірыңғай соманы белгілеуді шешті. Әрине, бұл жерде несие қазақстандықтарды қарыз алуға мәжбүрлейтін әртүрлі өмірлік жағдаяттар болуы да әбден ықтимал. Жұбайлардың бір-бірімен кеңесуіне қажеттілік (мәселен, несие сомасы азғантай) те, немесе олардың ондай мүмкіндігі де болмауы мүмкін. Сондай-ақ, жұбайлардың біреуі (күйеуі немесе әйелі) сол сәтте шетелде жүруі, не болмаса сырқаттанып, бұған жағдайы тартпай қалуы да ғажап емес.

Осындай ойларымен ортастасқан Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі республикалық агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, 2023 жылдың қорытындысымен елдегі 11 банк бойынша капиталдың жеткілік деңгейі 15,1% пайызды құрады. Бұл қаржылық реттеудің төменгі шегінен (7,5%) айтарлықтай жоғары деген сөз. Осының өзінен-ақ банктердегі несие қоржынының қаншалықты жеткілікті және мейлінше мол екенін аңғару қиын емес. Осыған байланысты Агенттік тарапынан жүзеге асырылған тексерулердің нәтижесі елімізде кепілсіз берілетін несие сомасына қатысты елеулі болмаса  да бережақтардың барын көрсеткен. Айталық, бұл сома: тұтыну займдары бойынша – 6,9, ірі бизнес субъектілерінің займы – 3,1 және инвестициялық займдар 2,6 трлн. теңгені құрапты.

Айналып келгенде, әңгіменің түйіні Сенат депутаттары көтерген кепілсіз берілетін тұтыну несиенің сомасын 1 000 орташа айлық есептік көрсеткіштен шектеу керек дегенге сай келіп тұр. Одан асқан жағдайда, жеке тұлғалар үшін міндетті салықтық декларация тапсырғанда көрсетуге тиіс болып шығады. Бір жағынан мұндай қадам соңғы кездері банк қызметі саласында да белең алған алаяқтық әрекеттерінің алдын алып, жолына тосқауыл қоюға кепілдік берер еді деп есептейді халық қалаулылары.

–2025 жылы республикада Салық кодексі шеңберінде қолында 1 000 орташа айлық есептік көрсеткіштің көлемінен көп сомасы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының декларация тапсыруға міндеттелетін естен шығармаған дұрыс, – деп қорытты сөзін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button