НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР ТШО-МЕН ЖҰМЫС ІСТЕГІСІ КЕЛЕДІ? (+фото)

img 20220613 wa0127 Экономика

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ НЕЛІКТЕН ТШО-МЕН СЕРІКТЕС БОЛУҒА ҰМТЫЛАТЫНЫ ЕШКІМДІ ТАҢ ҚАЛДЫРМАЙДЫ. ЖАУАБЫ АЙҚЫН – ОЛ АҚША, ОЛ БИЗНЕС. АЛ, ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛСЕК, КОМПАНИЯЛАРДЫ ӨСУ, КАДРЛАР ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІНЕ ШЫҒУ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАР АЛУ ЖӘНЕ ТАҒЫ ДА БАСҚА МҮМКІНДІКТЕР ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР ІРІ ЖОБАЛАРҒА ДАЙЫН

– ТШО-мен ұзақ жылғы ынтымақтастық нәтижесінде біз шетелдік компаниялардан келіп түсетін ірі тапсырыстарды орындай алатын деңгейге көтерілдік, – деді сенімді түрде «Каспиймұнайгаз «ҒЗЖИ» АҚ басқарма төрағасы Сергей КИМ. «Теңізшевройл» ЖШС мен «Каспиймұнайгаз «ҒЗЖИ» АҚ арасындағы ынтымақтастық тарихы 2002 жылы Екінші буын зауытының құбыр желісіне инженерлік зерттеу жобасын жүргізгенде басталды. Өңдеу көлемі тәулігіне 6000 текше метрге дейін жететін ағын суларды тазарту қондырғыларын салу жобасы «Теңізшевройл» ЖШС мен «Каспиймұнайгаз «ҒЗЖИ» АҚ-ның 2005-2009 жылдардағы жұмыстарының басты нәтижесі. Бұл жұмыстар Қазақстанда, Нидерланды мен Венгрия елдерінде де жүргізілді.

Жобаның нәтижесінде Теңіз кенішінде судың 46 пайызы өңделіп, қайта пайдаланылады. Бірлескен жұмыс барысында күрделілігі мен бағыттары әртүрлі 250-ден астам жоба жүзеге асырылды. «Теңізшевройл» кәсіпорны тарапынан жобаларға қойылатын жоғары талаптар және тапсырыс берушінің жобаларға есеп беру мен оларды бақылаудың нақты жүйесі «Каспиймұнайгаз «ҒЗЖИ» АҚ қызметкерлеріне, сондай-ақ жалпы компанияға инженерлік қызметтер нарығында бәсекеге қабілеттілік стратегиясын қайта қарауға мүмкіндік берді. АҚШ, Ұлыбритания, Түркиядан келген шетелдік мамандармен жұмыс істей отырып, жобалау институтының басшылығы көптеген міндеттер қазақстандық кәсіпорындардағы секілді шешілмейтінін түсінді. Сондықтан «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ барынша қажетті тәсілді қолданды. Кәсіпорын жұмысының маңызды принциптері: қауіпсіздік, сапа, құнды сақтау.

Соңғы 5-6 жылда Base Business негізгі өндірісінің шағын күрделі жобаларындағы жұмыс шеңберінде қазіргі заманғы бағдарламамен қамтамасыз етілген, қазақстандық нормалар мен ережелерді, сондай-ақ халықаралық нормаларды сақтай отырып, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, шығарылатын жобалау құжаттамасының сапасын сақтау тәсілдері қайта қаралды. Мамандар мен басшылардың кәсіби деңгейіне қойылатын жоғары талап жобаның табысты болуының басты кепілі болып табылатын «Теңізшевройлдың» кадр саясатын ерекше атап өткім келеді. Осы ретте, «Каспиймұнайгаз «ҒЗЖИ» АҚ-ы да аталған тәсілді пайдаланды. Соңғы жылдары компания қызметкерлері кәсіби және тілдік дағдыларын үнемі жетілдіріп, белсенді түрде оқудан өтіп жатыр. Олар тек «Теңізшевройлдағы» ғана емес, сондай-ақ республикалық және халықаралық жобалардағы жобалау мен инжиниринг бойынша жаңа белестерді бағындыруға ұмтылады. Сайып келгенде, мұның бәрі жұмыс сапасын арттырып қана қоймайды, қызметкерлер жалақысының көтерілуіне жол ашады.

– Бізде ТШО жобаларында қызметі өскен мамандар көп. Мысалы, Әйгерім Қабылхамитова қарапайым инженерден ТШО жобалары бойынша бас менеджерге дейінгі лауазымды иеленді және қазір осы бағытта табысты жұмыс істеп жатыр. Осылайша, Әлия Сарниязова «Tekla Structures» (өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс ғимараттары мен нысандарын ақпараттық модельдеуге арналған бағдарламалық жасақтама) сертификатын, Айбар Айтуаров Staad.Pro V8i SS6 (инженерзерттеушілер әзірлеген құрылымдарды жобалау және талдау құралы) сертификатын, Алмаш Сариев «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде еурокодтарға ұқсас ҚР СП, EN құрылыс нормаларын қолдану» сертификатын алды.

Ал, Тимур Балгереев ЖҚКББМ «АЖЖ және ГАЖ институтында» TANK (мұнай өнімдерін сақтайтын резервуарларды жобалау, есептеу және талдау үшін бағдарламалық шешім) және PV-Elite (жобаланған қысымды құрылғылар мен жылу алмастырғыштарды талдау және есептеудегі ең толық шешім) курсы бойынша біліктілігін арттырды. Басшылық өз кадрларын қолдау шеңберінде қызметкерлерінің кәсіби шыңдалуына ғана емес, олардың денсаулығын нығайтуға, ұжымдық рухты көтеруге, спортпен шұғылдануға жағдай жасауға көп көңіл бөледі. Бұл да өз жемісін беруде. Жобаның бас инженері Ольга ДОРОШ әйелдер арасындағы жұптық боулинг бойынша Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы.

img 20220613 wa0127
 Ольга ДОРОШ

Сондай-ақ, ол жеке боулинг жарысынан да Қазақстан кубогының күміс жүлдегері. Ольга қазақ боулингінің 24 жылдық тарихында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, туған қаласына медаль мен кубок әкелген алғашқы атыраулық.

ТШО МЕН АҚБЕРЕН–АТЫРАУ – ӨСУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Жұмысын Құлсарыдағы шағын кәсіпорыннан бастаған «Ақберен–Атырау» жарнамалық-өндірістік компаниясы «Теңізшевройлмен» көп жылғы ынтымақтастық нәтижесінде толық циклді жеке өндірісі бар орнықты фирмаға айналды. 1993 жылы құрылған компания мақсатты түрде полиграфиялық қызметті дамытуды көздеді. Қазіргі уақытта «Ақберен–Атырау» тәжірибелі кәсіпқой ұжымы бар, визит карточкасынан бастап, сыртқы жарнамалар мен жол белгілері сияқты күрделі, әрі түрлі форматтағы кез-келген тапсырысты орындауға қабілетті өндіріске айналып отыр.

img 20220613 wa0130
  «Ақберен-Атырау» кеңсесінің ашылуы 

– ТШО – 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп кеһле жатқан стратегиялық серіктестеріміздің бірі. Арада өткен уақытта біз ТШО-ның шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы аясында екі мәрте (алғаш рет 2003 жылы және бірнеше жылдан кейін) пайызсыз несие алдық. Алған қаражатымызға шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге және қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін қажетті құрал-жабдықтар сатып алдық. Қазіргі уақытта компанияның клиенттер базасында мемлекеттік ұйымдарды қоса алғанда, 200-ден астам ұйым бар. Компания 500 мыңнан астам полиграфиялық өнім шығарады.Ал, полиграфиялық өнім бірлігі жылына 100-ден асады. ТШО-мен жасалған ұзақ мерзімді келісім-шарттар нәтижесінде компания өзінің жеке өндірістік базасы құрылысын аяқтап, жалпы ауданы 1500 шаршы метрден асатын кеңселік бөлмелерді, өндірістік орындар мен қоймаларды пайдалануға берді. Компанияның техникалық паркі Heidelberg, Ricoh, Morgana, Roland, Mimaki сияқты полиграфия саласындағы танымал әлемдік өндірушілердің машиналарымен және автоматтандырылған желілерімен жабдықталған, – дейді «Ақберен – Атырау» ЖШС директоры Айсұлу СӘЛІМГЕРЕЕВА.

Кәсіпорын кадрлық құрам бойынша – отандық, ТШО-мен келісім-шарт шеңберінде өндірісті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашты. Бүгінде «Ақберен – Атырауда» 40-тан астам өндірістік маман және әкімшілік-басқару аппаратында 10 қызметкер жұмыс істейді.

img 20220613 wa0129

Ержан НҰРПЕЙІСОВ компаниядағы қызметін 2005 жылы дизайнерліктен бастап, директордың өндіріс жөніндегі орынбасарына дейін өсті. Ол ТШО-мен жұмыс істеу тәжірибесін жетілдіру үшін, ол үнемі Мәскеу мен Қазақстан қалаларында оффлайн және онлайн режимде өтетін түрлі оқуларға ғана қатысып қоймайды, Ұлыбритания мен Ресейдегі кәсіби көрмелерге қатысып, кәсіби біліктілігін арттырады. Полиграфиялық қызметтер нарығындағы бәсекелестік өңір шеңберінде де, республика ауқымында да айтарлықтай қатаң. Сондықтан да ТШО-ның жергілікті аймақтық өндірушіні таңдауы аса құнды. «Ақберен–Атырау» баспа өнімінің жеделдігі мен сапасын арттыруға көмектесетін ең озық технологияларды өндіріске белсенді түрде енгізуде. Өндірістік цехтарда қосарланған бақылау жүйесі енгізілген: басуға дейінгі және басып шығарудан кейінгі. Өндірісте еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бірінші кезектегі маңызды мәселе. Осы ретте, компания өз қызметі барысында, 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс күнін жоғалтпай, және оқыс оқиғасыз жұмыс істеп келеді.

КӨПЖЫЛДЫҚ СЕРІКТЕСТІК – ТАБЫС КЕПІЛІ

«Алем Констракшн Груп» ЖШС мамандандырылған компаниясының негізгі қызмет саласы жобалау, мұнай-газ және энергетика салаларында жобалау, құрылыс және монтаждау жұмыстарының, инжинирингтік және бас мердігерлік қызметтердің толық спектрін орындау болып табылады.

– Құрылыс нарығында жұмыс істей жүріп, біз өзімізді табысты жобаларды іске асыруда және тапсырыс берушілеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыруда іскерлік беделін қалыптастырған сенімді компания ретінде таныта білдік. Оған дәлел ретінде тұрақты тапсырыс берушілеріміздің барлығын айтуға болады. Көп жылдардан бері олармен нақты нысан бойынша жеке келісім-шартпен және мастеркелісім-шарттар бойынша жұмыс істеп келеміз,-дейді «Алем Констракшн Груп» директоры Нұрлыбек ИЩАНОВ.

img 20220613 wa0128
Ретросаябақ

«Алем Констракшн Груп» ЖШС ТШО үшін көптеген жобаларды жүзеге асырды. ТШО-ның Атыраудағы бас кеңсесіндегі қауіпсіздік қызметі кеңсесі мен Ретро саябақ салынды. «Бас кеңседегі желдеткіш шахталарының қызмет көрсету алаңында» металл құрылымдарын жобалау, дайындау және монтаждау жүргізілді. Құлсары қаласындағы «Достық» және «Жансая» саябақтарын жаңғырту кезінде жобалықсметалық құжаттама әзірленді. Жабдықтар жеткізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.ТШО-ның транзиттік қонақ үйінің сыртқы жарықтандыру желілері жаңартылды. Бас кеңседегі күзет жүйесі жетілдірілді (Автоматты жол бұғақтағыштарын монтаждау, ҚП салу және гүлзарларды жобалау, дайындау, монтаждау), «Достық»тұрғын үй кешені көшелерін бетондау, полиуретанды жабын мен тас кеспелерді төсеу жұмыстары атқарылды. Бас кеңсе мен Атырау транзиттік қонақ үйі жанына тас кеспелер төселді. Атырау транзиттік қонақ үйіндегі ішкі байланыс жүйелері желілері жетілдірілді.

Компания халықаралық нормалар мен ережелерге сай болу үшін, өз қызметінің барлық бағыттары бойынша мамандарды оқытуды, білімдерін тексеруді және біліктілігін арттыруды тұрақты түрде жүргізеді. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бөлімі мамандары қызметкерлер үшін, тренингтер мен оқыту курстарын тұрақты ұйымдастыру арқылы экологиялық қауіпсіздік және денсаулық менеджменті, өндіріс қауіпсіздігі бойынша оқыту мен біліктілікті үздіксіз арттыруды қамтамасыз етеді. Барлық қызметкер алғашқы медициналық көмек көрсету курсын тәмамдады. Компанияның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаты бар. «Алем Констракшн Груп» ЖШС-нің аудиті «Теңізшевройлдың» CHESM жүйесі бойынша қауіпсіздік техникасы саласын аттестациялау бойынша ең жоғары санатқа ие болды. Компания қайырымдылықпен белсенді түрде айналысып келеді, интернаттарға, аз қамтылған отбасыларға материалдық қолдау көрсетеді. Игі істер қоржынында Атырау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатын абаттандыру, көгалдандыру, сумен жабдықтау, Ракуш ауылындағы футбол алаңы және т.б. бар.

БІР СӨЗБЕН АЙТҚАНДА, ТШО-МЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БАРЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР КОМПАНИЯДАН МАҢЫЗДЫ ҚАҒИДАТТЫ ҚАБЫЛДАУҒА ТЫРЫСАДЫ – ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТЕК ӨЗАРА ҒАНА ТИІМДІ ЕМЕС, СОНЫМЕН БІРГЕ ЕЛГЕ ДЕ ПАЙДА ӘКЕЛУІ КЕРЕК.

Exclusive. kz медиапорталы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз