Жарнама
Экономика

НАРЫҚТА – «КЕГОК» акциялары

 

«Асыл-Инвест» сарапшыларының пікірінше, КЕГОК компаниясының ІРО-сына 15 мыңға тарта жеке инвестор қатысып, отыз мыңнан астам тұлға акция сатып алуы мүмкін. Мемлекеттік бағдарламаның арнайы сайтында (halyk-ipo.kz)  компанияның дивиденд төлейтіні де айтылыпты. «Жалпы, егер ақпараттық-түсіндіру науқаны бағдарламаның «қарлығашы» – ҚазТрансОйл  компаниясындағыдай жүргізілсе, жаңадан инвесторлар толқыны келетіні белгілі», — деп болжамдайды А.Байкенов. Әрине, шекті баға бекітіліп, бір «қолға» қанша акция берілетіні нақтыланбай тұрып, нүкте қою қиын. Әзірге талдаушының сөзінше, бір жанға сатылатын қаражат лимитін анықтауға болады. «Халықтық ІРО-ның алғашқы толқынынан лимит аздау болуы ғажап емес. КЕГОК компаниясы «ҚазТрансОйлдан» кішірек, демек, бағада да төмендік байқалады», — дейді сарапшы.

Тұтастай алғанда, Халықтық ІРО-ға болашағы жарқын, келешегі кемел компаниялар ғана қатысып жатыр. Бұл акциялардың биржаға шығарылуы қаражатты алу емес, жұртшылыққа инвестициялаудың балама көздерін тауып, соның арқасында пайда табуға көмектесуі екенін де ұмытпағанымыз абзал. Сарапшы маманның мәліметінше, компаниялардың беріктігі мен сенімділігі инвестициялауда тәуекелдерді азайтады, ал депозит пен жылжымайтын мүлікке салынған қаржыдан молырақ табыс табуға мүмкіндік береді.

Айта кетелік, Халықтық ІРО  бағдарламасы осыдан екі жыл бұрын басталды. 34 мың қазақстандық «ҚазТрансОйл» компаниясының 35 миллион жай акциясының иегері атанды. Ол кезде бір бағалы қағаз құны 725 теңге болатын.

Айбөпе САБЫРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button