Жарнама
Экономика

Мемлекеттік қолдаудың қайтарымы болуға тиіс

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Жұқпалы дерт жер жүзіне таралып, талайды сын садағынан өткізіп жатыр. Осы орайда, қиындық туа қалса халқына қорған болып, қасынан табылып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға мақала арқылы үн қатты.

«Кәсіпкерлерге де арнайы айтарым бар: сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді «Мен еліме не беремін?» дейтін кездеріңіз де келді» деген ол сын сәтте кәсіпкерлерге жүктелер жауапкершілік жүгінің жеңіл болмайтынын айрықша атап өтті.

Расымен де, еліміз егемендік алғалы кәсіп ашып, нәсіп атамын дегендерге мемлекет мол мүмкіндік берді. Қаржылай да, қаражатсыз да қолдауды аямады, қазір де солай. Бірақ, енді сол жасалған жақсылықты еселеп қайтаратын шақ туды. Біздер, түрлі кәсіптің тізгінін ұстаған кәсіпкерлер, ел алдында есеп беруіміз керек.

 «Осы орайда, менің өтінішім бойынша өз отандастарына қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіп жатқан кәсіпкер азаматтар баршылық. Осы бір жарасымды үрдіс, игі іс одан әрі жалғасын табады деп сенемін» деген Елбасының өзі үлкен үміт артып отыр біздерге.

Ендеше, кезек күттірмей іске кірісер кез келді.

Мәселен, өзіме тоқталсам, қолжетімді бағамен киім тігіп жүргеніме көп уақыт болды. Жақында жапондық «Tajima» компаниясының тігін машинасын сатып алдым. Оған қоса, бағалы бағдарламасы тағы бар. Қазір аталған мекеме өкілдері тігіншілеріме жұмыс жасау тәсілін үйретуде. Жаңа құрылғы іске қосылғаннан кейін жеке логотиппен бұйым шығарғым келеді.

Алдағы уақытта шеберлерімді Жапония мен Түркияға, сондай-ақ, Мәскеу, Душанбе қалаларына тәжірибе жинақтауға жіберуді ойластырып отырмын.

Мен күнделікті киімдерімізде ұлттық нақыштың көрініс бергенін қалаймын. Ұлттық киімдерді тек мерекелік шараларда ғана киіп жүрмесе екен деймін. Біздің тарихымыз бен мәдениетіміз – өте бай, ұлттық киіміміз – оның басты ерекшелігі. Сол себепті осы сұлулықты жарыққа шығарып, баршамен бөліскім келеді.

Айсұлу ОРАЗБАЕВА,

кәсіпкер, «ASU.KZ» сән үйінің директоры

http://atr.kz/bez-rubriki/otandy%d2%9b-m%d2%b1naj-gaz-salasyna-%d2%9bandaj-%d2%9bauip-t%d3%a9nui-m%d2%afmkin/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button