Жарнама
Экономика

МАЛ ӨСІРСЕҢ, ҚОЙ ӨСІР…

Біз көп жылдар бойы құрғақшылықты бастан өткеріп жүрген едік. Жем өзені Ақтөбедегі Мұғалжар тауына түскен қар суымен толатыны белгілі. Әдетте жаздың ортасына қарай өзен құрғайтын. Бірақ, өткен жылы аудан әкімдігі бұл мәселені шешіп берді. Олар шұңқыр қазып, оған таудан ағып келген суды жинап отырды. Су мәселесі шешілген соң, шаруаларда мал басын көбейтетін мүмкіндік пайда болды. Бұрын кеңшар кезінде қаракөл қойын өсірсек, енді етті еділбай қойына көштік.

Осыдан тура он үш жыл бұрын құрылған «Қалқаман» қожалығының бар шаруасын қазір он баламның ішінде шаруаға ептісі, ұлым Қалдан өз қолына алды. Келінім Гүлнәр екеуі қыстақ басынан бір елі ұзаған жоқ, мал басын көбейтуге жұмыстанды. Қожалықта жұмыс жетерлік. Күзде мал азығын дайындап әлекпіз. Сонымен бірге, аула-қораның кем-кетігін жөндеп, қыстық отын болар қиды жинап отырамыз. Қыста малды үсіріп алмаудың қамын ойлаймыз. Ал, көктем – мал төлдету маусымы. Балалар шаруашылықтың жайын ерте үйренді. Істі солардың әрқайсысына тапсырғалы жүрмін. Бірі қыстақта, енді бірі ауылда тұрады. Ең бастысы, олар жұдырықтай жұмылып еңбек етуде. Ал, еңбек еткеннің есесі кетпейтіні ақиқат.

Жылқайдар ШЕГІРОВ,

 «Қалқаман» шаруа қожалығының басшысы,

«Құрмет белгісі» орденінің иегері,

Жылыой ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button